Created: 09 Қантар 2020
76

Пестицидтер мен биоагенттердің құнын субсидиялау

Пестицидтер мен биоагенттердің  құнын  субсидиялау

 

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік  инспекция  Комитетінің  Маңғыстау  облыстық  аумақтық  инспекциясы төмендегідей  баяндайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 894 қаулысымен “Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”  аясында субсидиялау жүйесін жетілдіру, субсидиялар тиімділігін арттыру және  ауыл шаруашылығы  тауарларын  өндіруде  мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға бағытталатынды  көрсетілген.

Жедел фитосанитариялық шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдардың карантиндік режим жүргізіп немесе оны жоя отырып, карантиндік аймақты белгілеу мерзімдерін регламенттеу, АШТӨ-нің фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және карантиндік объектілерді жою жөніндегі заңнама талаптарын сақтауы бойынша мониторинг жүргізу жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды жүргізу мен жою рәсімдерін, басқа мемлекеттердің фитосанитариялық шараларының баламалылығын мойындау тәртібін, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын регламенттеу көзделетін болады.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” № 66 Заңының 7-бабының, 2 тармағына сәйкес,   саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне берілген.

Осы орайда, бағдарлама аясында, мемлекет тарапынан, үйірлі және саяқ шегірткелердің экономикалық зиянды шегінен жоғары саны бар, сонымен қатар жоғары фитосанитариялық қауіп төндіретін карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар ғана қаржыландыру жоспарланған.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, қауын шыбыны, аса қауіпті зиянды  организмдер,  мемлекеттік босалқы жердегі карантиндік арамшөптерді қоспағанда,  аса қауіпті зиянды организмдер зиянды бақашық; астықтың сұр көбелегі; гессен шыбыны; астық қоңыздары; мақта көбелегі; өрмекші кене; саршұнақтар; тышқан тәрізді кеміргіштер; колорадо қоңызы, дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз), зиянды организмдер шалғын көбелегі, бидай трипсі, жағалау шыбыны, карадрина және карантиндік объектілер бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатып алынған  препараттардың  құнының  50% мөлшерін субсидиялау қарастырылған.

Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің бекітілген тізімін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын  карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы»  2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығынан, зиянды организмдердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы «Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» № 217 Қаулысында және  субсидия  алу  жөніндегі  Ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  №204 2016 жылғы  05 мамырдағы «Өсімідктерді  қорғау  үшін  дақылдарды өңдеуге  арналған  гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биологиялық  өнімдердің  құнын  субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бекітілген бұйрығында  көрсетілгендігін  қаперіңізге береді.

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау

облыстық аумақтық инспекциясының

 өсімдіктер карантині және ФББ жөніндегі

мемлекеттік  инспекция  бөлімінің  басшысы

А.У.Мендигереева