Фитосанитариялық қауіпсіздік саласы жөнінде бірқатар мәселелер көтеріліп, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фитосанитариялық талаптар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу әдістері мен тәсілдемелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен қолайлы фитосанитариялық ахуалды сақтауға АШТӨ-ні ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленуде.
Жедел фитосанитариялық шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдардың карантиндік режим жүргізіп немесе оны жоя отырып, карантиндік аймақты белгілеу мерзімдерін регламенттеу, АШТӨ-нің фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және карантиндік объектілерді жою жөніндегі заңнама талаптарын сақтауы бойынша мониторинг жүргізу жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды жүргізу мен жою рәсімдерін, басқа мемлекеттердің фитосанитариялық шараларының баламалылығын мойындау тәртібін, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын регламенттеу көзделетін болады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” № 66 Заңының 7-бабының, 2 тармағына сәйкес, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне берілген.Сондықтан Түпқараған аудандық әкімдігі осы жағдайларды ескеру қажет деп есептеймін.Өткен жылы шілде айында аудан аумағында , теңіз арқылы көрші Атырау, Астрахань облыстарынан бұлт болып ұшып үйірлі шегірткелер пайда болып, егіншілерге ,жайылыстарға белгілі дәрежеде зиян тигізді. Бірақ , уақытында алынған тиісті шаралар нәтижесінде өмірлері ұзаққа бармады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.09.2013 жылғы “Түпқараған ауданы Сәубет жерінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы” № 288 қаулысына сәйкес, қауын шыбыны карантиндік нысаны бар болуына байланысты,карантиндік аймақ болып жарияланды. Сол кезден бері ,бұл аймақтағы 40га егіншілікте, карантиндік нысанға қарсы, мемлекет тарапынан да,жеке шаруашылықтар өздеріде жылма жыл күрес жүргізіп келеді. Бұдан басқа , осы аумақта егін алқаптарының маңынан ,жол жиектерінен тағы да бір карантиндік нысанға жататын жатаған у кекіре жабайы өсімдігі бар екендігі анықталды.
Осы орайда, бағдарлама аясында, мемлекет тарапынан, үйірлі және саяқ шегірткелердің экономикалық зиянды шегінен жоғары саны болмасада , жоғары фитосанитариялық қауіп төндіретін тосын карантиндік нысандарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Осыған жергілікті билік мән беріп, жылдық аудан бюджетінен қаржы қарап отыру қажет деп есептеймін.
Күні бүгін ауданда егінмен айналысатын 32 шаруа қожалықтары бар. Осы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруаларға сатып алынған препараттардың құнының 50% мөлшерін субсидиялау қарастырылуда.
Аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің бекітілген тізімін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығынан, зиянды организмдердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» № 217 Қаулысынан қарауға болатындығын хабарлаймыз.
ҚР АШМ АӨК МИК Түпқараған
аудандық аумақтық инспекциясының
өсімдіктер қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы
Д. Қанатбаева