2019 жылдың 28 қазанында қабылданған «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өкілдеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Мемлекеттік инспекция комитетінде іс-шаралар жоспары жасақталып бекітіліп, жергілікті аймақтардағы инспекцияларға орындауға берілген болатын. Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өкілдері үшін ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп бастады. Мысалы, өткен 2019 жылдың аяғында жергілікті атқару органдарымен бірге аудан шаруа қожалықтары басшылары және осы саладағы жеке кәсіпкерлермен бас қосу ұйымдастырылып, осы бағытта баяндамалар жасалып, көкейтесті мәселелер талқыланды.
Жалпы, Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы өз қызметін Қазақстан Республикасының 1999 ж. 11 ақпандағы № 344 -1«Өсімдіктер карантині туралы» заңына, Қазақстан Республикасының 2002 ж. 3 шілде № 331 «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңына және 2015ж. 29 қазан № 375 – V «Кәсіпкерлік Кодексі туралы» заңдарын негізге ала отырып жүргізеді. Жоғарыда аталған енгізілген нормалар аясында бұл заңдарға көптеген жаңашыл өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мысалы осы Заң ауқымында өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға пестицидтер айналымы жөніндегі техникалық регламент пен талаптар бұзылғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексінің 415, 416 баптары негізінде хаттама, қаулы толтырып, айыппұл салу құқы берілді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірленіп бекітілді. «Өсімдік қорғау туралы» ҚР заңына сәйкес фитосанитарлық іс-шараларды өткізу ережесі бекітілді және бұл ереже өсімдік қорғау мемлекеттік инспекторларына өз міндетін атқару үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Сонымен бірге, өсімдіктерді қорғау саласында ФККП бекеттерінде және жекелеген аймақтарда мемлекеттік тіркеуден өтпеген, жалған пестицидтерді әкелу, сақтау, қолдану, сату фактілерін анықтау үшін карантиндік фитосанитариялық бақылау-қадағалауды жүзеге асыруға Кәсіпкерлік кодексінің талап нормаларына өзгерістер мен толықтырудар енгізілді. Заңдағы бұл өзгерістер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың өз құзіреттерін толықтай пайдалануы үшін кеңінен жол ашатынына күмән жоқ. Және де осы Заң аясында кезінде мемлекеттік кіріс мекемелеріне атап айтқанда, кезінде кедендік органдарға берілген мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық функцияларды өзімізге қайтарып беру көзделген, ал бұл жаңалық біздің шекара бекеттеріндегі инспекторларымыздың құқыларын күшейтіп өз міндеттерін атқаруға мүмкіндіктер береді.
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде бау-бақша, егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге олар өсірген және бактериялық күйікке шалдығу нәтижесінде қурап, жойылып кеткен жеміс ағаштары үшін шығындарына өтем (субсидия) қарастыру өте жағымды жаңалық болып табылады. Сонымен бірге, өсімдіктерді қорғау саласында атқарылатын іс-шараларды мемлекет бюджеті есебінен толықтай қаржыландыру тәжірибесінен бас тартып, керісінше ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің фитосанитарлық шараларды жүргізуі үшін сатып алынатын түрлі пестицидтер бағасын төмендетуге көшу практикасы мақұлданып отыр. Мемлекетке қарасты жер көлемдеріндегі шегірткелерге және карантиндік арамшөптерге (қауын шыбыны, оңтүстік америкалық томат көбелегі т.б. ) қарсы іс-шаралардан бөлек зиянкестерге, өте қауіпті зиянды организмдер тектес карантиндік нысандарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жауапкершілігі күшейтілді. Атап айтқанда, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары пестицидтерді тіркеушілердің (өтініш берушілердің) қаражаты есебінен жүргізіледі.
Айта кететін тағы бір мәселе, қолданыста жүрген кейбір агротехникалық терминдерге жаңаша атаулар беріліп, немесе қосымша сөз тіркестерімен толықтырылып, мағыналары айқындала түсті. Мысалға алғанда, «бақ шаруашылығы» мен «бау-бақша шаруашылығы» делінетін ұқсас терминдердің әрқайсысына дәлме-дәл толық түсініктер берілген, «карантинді объект» дегеніміз не, «карантиндік режим» не екеніне жаңаша кеңінен анықтамалар қолданысқа енгізіліп, өсімдіктер карантині жөніндегі мен инспекторлардың құзіреттерінің жаңа редакциясы жасалып, толықтырулар енгізілген. Бұл біздің мемлекеттік карантиндік инспекторлардың қызметтік құқықтарының аясының кеңейіп, өкілеттерінің арта түскенін көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» №143 Заңына да толықтырулар мен өзгерістер болғанын айта кетуіміз қажет, оның ішінде уәкілетті орган - мемлекеттік инспекция қызметінің бақылау функцияларына қатысты осы заңның 33 бабының 2 тармағының 6 тармақшасында «Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда астық қабылдау кәсіпорындарымен қатар жергілікті атқарушы органдарына да ңұсқама беру» құқы беріліп отыр. Және бұл заңнамалық өзгеріс біздің инспекторларына еліміздің астық нарқын реттеуде бақылау және қадағалау жұмыстарын кеңінен жүргізуге жол ашады.
Жалпы алғанда, аталған жаңа заң еліміздің өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині саласында қолданыста жүрген заңнамалық актілерін Евразиялық Экономиялық одақтың нормативтік актілеріне салыстырмалы түрде кездесетін кейбір құқықтық қарама-қайшылықтарды жойып, өзара сәйкестендіруде өте үлкен маңызға ие болып отыр.
ҚР АШМ АӨК МИК
Мұнайлы аудандық
аумақтық инспекция басшысы
Ө.Ш.Шаңдыбаев