Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жалдауында көрсеткендей сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресті жіті назарда ұстауда.
Елімізге 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру , сыбайлас жемқорлықты жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілерді өз құзіреті шегінде күрес жүргізу , яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.
Мекемеде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл туралы» заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқаруда шектеулердің сақталуы үнемі бақылауда.Инспекциядағы лауазымдық тұлғалар өз жұмыстарында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл туралы» заңдарын басшылыққа алып жұмыстануда.
Түпқараған аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері тәртіпті қатаң сақтай отырып, ҚР-ның заңдарын бұзуға жол бермейтін болады.
Түпқараған аудандық аумақтық
инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы Д.Канатбаева