Created: 12 Сәуiр 2021
41

ҚЫЗАНАҚ КҮЙЕСІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ҚЫЗАНАҚ КҮЙЕСІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 

Қызанақ күйесінен сақ болыңыз! Қарақия аудандық  аумақтық инспекция мамандары бұл зиянкестің  еңбегіңізді еш етуі  мүмкін екенін айтады,

2020 жылы Қарақия ауданыңда  «қызанақ күйесі» анықталған. Көкөністерді көктей солдырып жатыр. Демек, жылыжай иелеріне бекем болу қажет.Қарақия ауданыңда қызанақ күйесінен зардап шегіп отырған  шаруа қожалықтары бар.  Мамандар шаруаларға зиянкестермен күрес шарасын күшейтуді меңзеді. Егістік алқабын түнгі уақытта жарықтандырып, түрлі арамшөптерден дер кезінде тазартуды ұсынды.

Қызанақ күйесі — қызанақ, бұрыш, картоп, баялды секілді өзге де алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді зақымдайды. Көбелек құрттары жапырақ ішіне еніп, тарамыстарының жанынан жүрістерді жасап алады, өнімнің 100 пайызын жоюы мүмкін. Өсімдіктерді өсіп шыққаннан жеміс бергенге дейінгі барлық даму кезеңінде зақымдайды. Бұл күйе тез көбейеді, бір жылда бір көбелек он ұрпаққа дейін қалдыра алады

Көктемгі, әсіресе, сәуір айындағы ауаның жылылығы 9 С градустан жоғарылаған кезде ұшып шыққан көбелектер шағылысқаннан кейін өсімдік жапырақтарының ішкі жағына 250-300 данаға дейін жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттар жұмыртқадан 4-6 күнде шығады. Жұлдызқұрттардың даму ұзақтығы ауа температурасына байланысты, +17-24 С градуста — 15 күнде, ал +22-27 С градуста 10-12 күнде дамып, қуыршақтануға кетеді. Осылайша жұмыртқадан екінші ұрпақтың көбелегі шығу аралығы 22-30 күнді құрайды.
Жылыжайларда, ашық ауада, жылы жерде өсіп тұрған өсімдіктер қызанақ күйесімен зақымданған болса,15-20 күн ішінде толығымен шіріп кетеді.
     Аталған шаруашылықтарға Қарақия аудандық  аумақтық инспекция тарапынан ескерту жасалды. Болашақта қызанақ күйесін жою үшін карантиндік шаралар қолдану қажет. Ол үшін залалданған өсімдіктердің сабағын, жапырағын, жемістерін жойып, залалданған өнімді қайта өңдеу қажет. Сондай-ақ, залалданған жерлерді, оның ішінде өнім алынған аумақты тазартып, залалсыздандыру қажет. Қызанақ күйесімен залалданған өсімдіктерді елімізде химиялық және биологиялық қолдануға рұқсат етілген препараттармен өңдеу керек. Өсімдік өнімдерін дайындау және тасымалдау кезінде ерекше карантиндік ережелер сақталуы тиіс.

Ең бастысы — алқа тұқымдас өсімдіктерді басқа өсімдіктермен жиі аустырып тұрған жөн. Қызанақ күйесі шаруалардың еңбегін еш етуі мүмкін

Қызанақ күйесінен сақ болыңыз!

 

ҚР АШМ АӨК МИК Қарақия аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы А.Әлібекова