Created: 12 Сәуiр 2021
44

Тұқымдық және көшеттік отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарды сақтайық

Тұқымдық  және  көшеттік отырғызу  материалдарына қойылатын  фитосанитариялық  талаптарды  сақтайық

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық  инспекциясының өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және  фитосанитариялық   бақылау  бекеттері   жөніндегі  мемлекеттік   инспекция бөлімі  Қазақстан  Республикасының   өсімдіктер  карантині саласындағы  заңнамалары  және Қазақстан  Республикасы аумағына карантинге жатқызылатын  өнімдерді  әкелуге қойылатын  фитосанитариялық  талаптарға  сәйкес, Республика  аумағын  және  облыс  өңіріне  карантиндік нысандардың, яғни зиянкестердің, арамшөптердің және  аурулардың  енуінен қорғау  мақсатында  мемлекеттік   фитосанитариялық  бақылау  және  қадағалау  жүргізіледі.

 

Қазақстан  Республикасы  «Өсімдіктер  карантині  туралы»   Заңының  12  бабына  сәйкес  мемлекеттік  фитосанитариялық  бақылау  және  қадағалау  обьектілерінің  бірі  тұқымдық  себу  мен  отырғызылатын  материалдары  болып  табылады.

 

Көктемгі  маусымдық  кезеңде  басқа  облыстардан  тасымалданатын немесе  импорттық  тасымалданатын, сауда  орындарында  сатылатын  тұқымдық  материалдар  мен  отырғызу  материалдарын  карантиндік  және  бөтен  текті  нысандармен  залалдануын,  сонымен  қатар  отырғызу  материалдарына  қойылатын  фитосанитариялық  талаптарға  сәйкестігіне  карантиндік  тексеру  және  бақылау  жұмыстары  жүргізілуі тиіс.   

 

Осыған  байланысты, Қазақстан Республикасы  аумағын  карантиндік  нысандардан  таралмауынан  және  уақытында  анықтау  мақсатында қызметі  тұқымдық  және  отырғызатын материалдарды  тасымалдаумен, сатумен, егумен  және  сақтаумен  айналысатын  жеке  және  заңды  тұлғалар,  облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының  байланыс  телефондарына  (60-50-41)  дереу хабарлауы  қажет. 

 

Жер  ресурстарының  карантиндік  нысандардың  зақымдануынан  қорғау,   облысымыздың  әлеуметтік  және  экономикалық  өсуіне  қосқан  үлесіміз   деп  білейік.

 

Ақжарқын  Мендигереева Өсімдіктер  карантині, өсімдіктерді  қорғау және фитосанитариялық бақылау  бекеттері  жөніндегі  мемлекеттік  инспекция  бөлімі  басшысы