«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып, осы мақсатта әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Осыған байланысты тиісті органдармен жүргізілген мониторинг барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сыни көзқарастың қалыптасуына алып келетін посттар мен пікірлердің жариялану деректері анықталған. Орын алып отырған мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізуде.
Сондықтан, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының тапсырмасымен жасақталған мемлекеттік орган қызметшілерінің интернет желілерде, әлеуметтік желілер мен блог платформаларда жұмыс жасау жадынамасын - памятка жолдап отыр, мемлекеттік органдағы әрбір қызметшіге таныстыру жұмысын тапсырып отыр.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиада аккаунттарды пайдаланған кезде қызметтік этика нормаларын бұзуының алдын алу және оны болдырмау бойынша Ескертпе – жадынамасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен толықтай таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жадынаманың жалпы ерержелерінде жекелеген қызметкерлердің желілік қызметі нәтижесінде мемлекеттік қызметтің беделін жоғалтуды болдырмауға, сондай-ақ тексерілмеген, анық емес ақпараттың таралуын болдырмауға, сондай-ақ «қызметтік пайдалануға» санатындағы ақпаратты таратуға арналған.
Әлеуметтік желілерде және блог платформаларында аккаунттармен жұмыс істеу ережелері бойынша интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс жасау кезінде мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік органдар мен мекемелердің әрбір қызметкері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес таратылатын ақпарат үшін жауап береді.
Осы парақтың 5-тармағында көрсетілген заңнамалық нормаларды сақтауға қосымша, Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істеген кезде мемлекеттік органның немесе мекеменің қызметкері міндетті:
- жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
-адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір қасиетін шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, нанымына, тұрғылықты жеріне және кез келген басқа жағдайларға қарамастан құрметтеу;
- Мемлекеттік және басқа тілдерге, сонымен қатар, Қазақстан халқының салт-дәстүріне құрметпен қарау;
- Интернеттегі, соның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформалардағы басқа пайдаланушылармен (мемлекеттік те, жеке де) сөйлесулерде дұрыс тонды ұстану:
- Әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда әдепсіз сөйлеуді болдырмаңыз;
- Мемлекетке, сондай-ақ мемлекеттік органдардың немесе мекемелердің басқа да қызметкерлеріне бағытталған сыни фото, видео, аудио және мәтіндік материалдарды өз парағыңызға жарияламаңыз немесе орналастырмаңыз;
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты ақпаратты жарияламауға;
- Үшінші тұлғалар берген сөздер мен ақпараттарды бұрмаламауға;
- Спам немесе көрінеу жалған, дәйексіз ақпарат тарату үшін техникалық құралдарды пайдаланбау;
- Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог платформаларында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының, сондай-ақ Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына қайшы келетін басқа әрекеттерді жасамаңыз.
- Қазақстан Республикасының басшылығы мен оның саясатын сынайтын, қолданыстағы конституциялық жүйені өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын қауымдастық топтарының қатарына кірмеу;
- Экстремистік, террористік, порнографиялық және кемсітушілік сипаттағы фото, видео, аудио және мәтіндік материалдарды жарияламаңыз, қайта орналастырмаңыз немесе «ұнады» деп белгілемеу;
- Үкімет басшыларын, мемлекеттік органдар және олардың саясатын сынайтын группалар мен қоғамдастықтарға қосылмау;
- Сенімсіз және жалған ақпарттарды таратпау;
- Наразылық акциялары болатыны туралы мәліметтерді таратпау;
- Қызметте қолданылатын басқа да қызметтік ақпараттарды жариялауға немесе таратпау;
- Балағат сөздерді қолданбау;
- Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау керек екендігін ескертеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін, абыройымызды сақтап, арандатушылыққа жол бермей, жоғарыда аталған талаптарды сақтауға шақырамын.
Сонымен қатар, қазіргі дүние жүзінде болып жатқан COVID – 19 пандемиясы бойынша карантиндік шараларды, соның ішінде өзін-өзі қорғау, тазалық сақтау ортақ міндетімізді бұлжытпай орындайық.
АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі А.У.Мендигереева