2021 жылдың 18 ақпанында Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясында аймағымызда ауыл шаруашылығы карантиндік өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын, сақтайтын және саудалайтын компаниялар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиында мекеме басшысы Ө.Шаңдыбаев аудандық инспекция тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер турлері мен оларды кәсіпкерлерге қолайлы ету үшін мерзімдеріне енгізілген өзгерістер туралы кеңінен таныстырып өтіп, сұрақтарға жауап берді