Created: 12 Сәуiр 2021
83

Фитосанитариялық бақылау және қадағалау – заман талабы.

Фитосанитариялық бақылау және қадағалау – заман талабы.  

 

Мемлекет  басшысының  2020 жылғы 1  қыркүйектегі  «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан  халқына  жолдауында  2026 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді  дамыту бойынша: ішкі  нарықты әлеуметтік  маңызы  бар  азық-түлік  тауарларымен  қанықтыру, агроөнеркәсіптік кешеннің қайта  өнделген өнімінің экспортын 2 есеге ұлғайту мәселесіне тоқтала  отырып, ішкі нарықты қорғау және шикізат ретінде жекелеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырып, азық- түліктің ұлттық резервтерін құру  мәселелерін атап көрсетті. Осылайша, халықты бірінші кезекте қажетті сапалы  азық -түлік  тауарларымен қамтамасыз ету – күн  тәртібіндегі  басты  мәселе боп отыр.Осындай мәселенің шешімін табуда  өсімдіктер  карантині қызметінің қосар үлесі  өте зор.

 

Сонымен өсімдік карантині деген не?

 

Өсімдіктер карантині деп өсімдіктер және одан алынатын өнімдерді карантинді  нысандардан(өсімдік аурулары мен зиян­кес­тер және арамшөптер)қорғауға бағытталған карантиндік іс шаралар жүйесін қамтитын мемлекеттік құқықтық режим. Осы режимді өсімдіктер карантині,өсімдікті қорғау қызметтері енгізілген ҚР АШМ АӨК мемлекеттік  инспекция Комитетінің  бөлімшелері  жүзеге асырады. 

 

Олай болса, өсімдіктер карантині саласы атқаратын қызметі бойынша   сыртқы және ішкі карантин болып бөлінеді.

 

Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты  ел аумағын шет елден келетін және  елімізден экспортталатын карантиндік өнімнің карантиндік нысандармен залалдануын  болдырмау.

 

Өсімдіктердің  ішкі  карантині – ел ішінде (мемлекетішілік, облысаралық) тасымалданатын карантиндік өнімдерді карантиндік нысандардан залалдануын болдырмау.Өсімдіктер карантині қызметінің негізгі міндеті-өсімдіктер және оның өнімінде кездесетін карантиндік нысандарды болдырмау немесе жою мақсатында  фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу. Карантиндік  нысан –өсімдік  зиянкесі,  ауру қоздырғышы немесе  арамшөп болуы мүмкін.  Карантиндік нысандар табиғи жолмен және де жүк тасымалы (вагон, автомобиль, кеме, ұшақ, почта салымдары, қол жүктері) арқылы да таралады. Маңғыстау облысы бойынша 6 түрлі  карантиндік  нысан түрлері бар. Олар : комсток сымыры, шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқанша  сымыры  және қауын шыбыны, сонымен қатар екі  түрлі  карантиндік  арамшөптер (жатаған у кекіре мен сарышырмауық) жатады. Осы  және басқа  да каратиндік нысан түрлерінің   таралуын болдырмау мақсатында облысымызда 5 шет елмен( Иран, Түркменстан, Ресей, Өзбекстан, Азербайжан) шектелген шекаралардағы арнайы  ФКП бекеттері сонымен қатар қалалық және аудандық   аумақтық инспекция  бөлімшелері жұмыс атқарады. Осы бекеттер  мен  бөлімшелер өз аумағында  елімізге шет елден әкелініп және  шетелге шығып жаткан  өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары) барлығын  карантиндік тек­серуден өткізіп, фитосанитарлық бақылау және  қадағалау қызметін атқарады.  Ка­ран­ти­н­дік нысандардың бірі байқалған жағдайда  өнім  залалсыздандырылады, жойылады немесе кері қайтарылады. Карантиндік  нысанмен  күрес шараларын жүргізгенде олардың биологиялық  ерекшеліктері мен өсіп даму сатыларын, соған  сәйкес  агротехникалық-химиялық  өңдеу жұмыстарын  білген жөн. Карантиндік  нысандар ауыл шаруашылығы  өсімдіктерінің өнім беруінің төмендеуіне әкеп  соғады. Сондықтан да, экстенсивті механикаландыру, топырақты қопсыту, стерильдеу, балғын жемістерді  рефрижациялау, химиялық  әдістер(фумигациялау, пестицидтерді  қолдану), биологиялық  белсенді  заттардан  – феромондар, аттрактанттар, репеленттер, ингибиторлар т.с.с биологиялық әдіс -тәсілдер  қолданады.

 

Осындай  өсімдіктер карантині  саласында мемлекеттік қызмет атқарып отырған уәкілетті органның бірі - Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік инспекция Комитетінің Мұнайлы  аудандық  аумақтық инспекциясы. Мұнайлы  аудандық  аумақтық инспекциясы өз қызметін ҚР-ң 11.02.1999ж«Өсімдіктер карантині туралы» заңына, 03.07.2002ж«Өсімдіктерді қорғау туралы» заңына, Ауыл шаруашылығы  министрінің 2015ж №590  «ҚР  аумағын карантиндік обьектілерден және  бөтен  текті  түрлерден  қорғау»  жөніндегі  бұйрығына,16.05.2014ж«Рұқсаттар мен хабарламала туралы» заңы және 15.04.2013ж«Мемлекеттік  қызметтер  туралы» заңына сүйене  отырып  атқарады. Мұнайлы аудандық  аумақтық  инспекциясында   өткен 2020 жылы жеке жəне заңды тұлға өкілдеріне  14 фитосертификат және 7  карантиндік сертификат құжатын алу бойынща  мемлекеттік қызмет көрсетілді. 5/2 уәжді бас  тарту болды.  Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген өнім иелеріне 12 айыппұл салынды. Маңғыстау  облыстық карантиндік   зертханасына 20  үлгі  тапсырылып, бір үлгіден карантиндік нысан(калифорниялық  қалқанша  сымыры) анықталды. Карантиндік  нысанға қарсы фитосанитарлық карантиндік іс шара (залалсыздандыру) жүргізіліп, өнім иесіне қайтарылды. 2019 ж 28 қазанында «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған болатын. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде бау-бақша, егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге олар өсірген және бактериялық күйікке шалдығу нәтижесінде қурап, жойылып кеткен жеміс ағаштары үшін шығындарына өтем (субсидия) қарастыру өте жағымды жаңалық болып табылады.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен, дайындаумен өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын жеке  және  заңды  тұлғаларға фитосанитариялық карантиндік  талаптарға сәйкес  нұсқама беріліп,мына  төмендегідей мәліметтер  талап етіледі:  

  1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер  карантині мен өсімдіктерді  қорғау саласындағы  заң талаптарына сәйкес міндетті  карантиндік фитосанитарлық  іс-шараларды жүргізу туралы мемлекеттік инспектордың нұсқамасын сақтау және орындау;
  2. Мемлекеттік инспектордың талап етуі бойынша  карантинге жатқызылған өнім мен карантиндік  обьектілердің  бар екендігі  туралы  мәліметті беру;
  3. Егістікті, аумақты, қоймаларды жүйелі тексеріп отыруды қамтамасыз ету;
  4. Карантиндік  обьектілер  анықталғанда  1 жұмыс күні  ішінде хабардар ету;
  5. Жүк тасымалы (экспорт, импорт, облысаралық) кезінде карантинді өнімнің келгендігін қолжетімді әдіспен хабарлап, 1 жұмыс күні ішінде  жүкті межелі  орындарында карантиндік бақылау және   қадағалау жұмыстарының өтуіне ат салысу;

 

Бұл жұмыстарды орындауда өсімдіктер карантині және  өсімдікті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, сондай-ақ «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-сі қамтамасыз етеді.Инспекция қызметінде карантиндік  өнімді шет елге әкету, әкелу, тасымалдау, транзиттеу жұмыстары атқарылуы үшін міндетті түрде карантиндік өнімнің жай  күйін  анықтайтын,сипаттайтын анықтама құжаттары  болу  керек. Бұл құжаттар – фитосанитарлық және карантиндік  сертификаттар болып табылады. Карантинге  жатқызылған  өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді.Ал мемлекет ішіне (облысаралық) тасымалданатын  карантинге жатқызылған  өнімге карантиндік сертификат 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде  электронды нысанында  беріледі.

 

Егер карантинге  жатқызылған  өнімдердің тез бұзылатыны туралы ҚР ауыл шаруашылығы  министрінің 2020ж №131 бұйрығымен  бекітілген  сараптама қорытындысы айқындағандай 7 күн мерзімге шақталса, фитосанитарлық  сертификат  беру өтініш келіп түскеннен 3 сағат ішінде орындалады. («Мемлекеттік  қызмет көрсету»заңына енгізілген өзгерістер)

 

Өтініштерді беру үшін  жеке  және  заңды  тұлғалар  «эл.үкіметтің»веб- порталы арқылы немесе «ААҮ»мемлекеттік корпорациясына жүгіне алады. Егер де өнім иесінің ұсынған  электронды құжаттарының талапқа сай еместігі анықталса, өтінімге уәжді бас  тарту (отказ) рәсімделеді. Сондай-ақ өтініш беруші карантинге жатқызылған өнім­ді тексеріп қарауға ұсынбаса, карантинге жат­қы­зылған өнімде карантинді объектілер анық­тал­са, мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

 

Яғни, жоғарыда көрсетілген құжаттарсыз өнімдердерді тасымалдау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 400-бабын бұзуға және айыппұл төлеуге жатады. Сондықтан қажетті құжаттар әрдайым өзіңізбен бірге болуы керек.

Халықты сапалы  азық түлікпен  қамтамасыз ету  мемлекеттік бақылау  және қадағалау  ұйымдарымен қатар  жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық иелерінің де атсалысып , бірге  жұмыс жасағандығының нәтижесін  көрсетері  сөзсіз.  

 

Инспекция тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар негізінен  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары   болғандықтан олардың заңды құқықтарының сақталуын үнемі басты назарда ұстаудамыз.

 

Жұмыс барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелер бойынша кез-келген уақытта төменде көрсетілген телефон номеріне байланысқа шығып, мекеме басшысы мен мамандарына жолығуға болады.

 

Біздің мекен-жайымыз:Атамекен Каспий көшесі,378-379 учаске; 

 

Байланыстелефоны:34-00-43    

 

 

Мұнайлы аудандық  аумақтық  инспекциясының өсімдіктер карантині  жөніндегі  бас  маманы Ниязова М.Б