Created: 13 Сәуiр 2021
51

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың «Қазақстан жолы-2050

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың «Қазақстан жолы-2050:  

Бір мақсат,  бір мүдде,  бір болашақ» атты Жолдауында «Аса маңызды міндет –сыбайлас  жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыруды жалғастыру»

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, мұның барлығы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресте нақты нә­ти­же­лер­ге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Еліміздің әр бір азаматына жауапкершілікті жүктей отырып, бүкіл қоғамның күш жігерін жемқорлыққа ымырасыз қарсы тұруға, оның пайда болу себептерін жоюға бағыттаған.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» Яғни, әрбір адам немесе басшы мен мемлекеттік қызметші бүкіл болмыс-бітімімен адал, әділ, турашыл, таза болып, нақтырақ айтқанда өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқармайынша қоғам түзелмейді, елдің дамуы алға жылжымайды. Сол себепті, мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет қана емес, зор жауапкершілік һәм ел үшін туып, ел үшін қызмет етумен тең деген.

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз.  Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы.  Мемлекетіміздің әр бір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 

Қорытындылай келе, жемқорлық-қаупі жағынан экстримизмнен еш кем емес жау. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтын алдын-алуға күш салу, күресу баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» - дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға,  дамыған 30 елдің қатарына кіруге, тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ.

Ендеше, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды арытып әлемдік бәсекелестікке шығу – қоғамның дамуы.

«Адам – ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбек сүйгіштіктің және білімділіктің,  достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен Күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі,  ал жердің сәні – адам» деген Данышпан Абай атамыз.

 

ҚР АШМ АӨК МИК Ақтау қалалық аумақтық инспекция басшысы Ж.Алашова