Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің және Денсаулық сақтау Министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің тапсырмаларына сәйкес, АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы төмендегідей хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің мәліметтері бойынша, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдаланып, үй жәндіктерін өз бетінше өңдеу жүргізген кейін улы заттармен улану жағдайлары тіркелуде.
Соның ішінде облыс өңірінде осы күнге дейін 11 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған.
Улану жағдайында «БИ-58» улы препараты қолданылған, нұсқау бойынша, аталған препарат ауыл шаруашылығында өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар қатарына жатады.
Улану жағдайларының тіркелуіне байланысты 2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары «санитариялық-профилактикалық іс- шараларды жүргізу туралы» қаулы шығарды, онда халыққа қауіптілігі 1,2,3 класты дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын пайдаланумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар үй-жайларда, басқа да ғимараттарда жоғары қауіптілікке жатқызылған болғандықтан, олардың қолданылуына қатаң тыйым салынады.