Ағымдағы жылдың 09 қараша күні "Азаматтық құқық" жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ!" атты тақырыпта өткен марафон өтті.
Квэст марафонға Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің алдын алу жəне парасаттылық басқармасының мамандары, мемлекеттік қызметшілер, "Жас отан" жастар қанатының өкілдері жəне инспекцияның жас мамандары қатысты. Қатысушылар 4 командаға бөлініп, 6 деңгейден тұратын сайыстардан өтті. Бір ерекшелігі əр тапсырма өзіне белгіленген жерде эстафеталық ойындар, сұрақ-жауаптар, фото байқау жəне қызықты ойындар түрінде өткізілді. Квэст-марафонның мақсаты–салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдық пен әдептілікке тәрбиелеу.
https://mang-tik.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/105-zhem-orly-a-zhol-zho-atty-ta-yrypta-tken-marafon-tti-2#sigFreeId28ce71f765