Created: 12 Қараша 2019
71

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VІ ҚРЗ

 

Қазақ халқы – ежелден көшпелі халық. Көшпелі халықтың қоныстанған орны да кең алқапты. Арқа мен Алатаудың, Атырау мен Алтайдың арасын мекендеген халық бүгінде отырықшы елге айналды. Қазіргі Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы өз басына қарқынды дамып келеді. Бұндай көрсеткіш көрсетудің негізгі себебі, жеріміздің көлемді болуы және сол жерді ұтымды игеріп, дұрыс саясат ұстана білгенімізде. Осы ретте айта кеткен орынды болар, елімізде 2017 жылы қабылданған "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" ауыл шаруашылығы саласының оң нәтиже көрсетіп, алдағы 5 жылда жоғары көрсеткішке жетуіне ықпал етуде.2019 жылы 28 қазанда Агроөнеркәсіп кешені мәселелері туралы заң қабылданды. Заң жобасындағы негізгі түзетулер мынадай ережелерді көздейді: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерге ауыстыру жағдайларын шектеу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын бақылау жасау тетігін жетілдіру; мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салуды енгізу.       

 

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнаманың ережелері қатаяды. Сақтандыру саласында агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру жүйесін жаңғырту және сақтандыру үдерістерін автоматтандыру жөнінде ережелер енгізілді. Ветеринария және фитосанитария саласында осы саланың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында: ветеринария, карантиндік фитосанитарлық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі; ветеринария саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын әкімдіктерден уәкілетті органның ведомствосына қайтару және жергілікті атқарушы органдардың сатылас ветеринариялық қызметін құру жөніндегі; ветеринария саласындағы лицензияларды тоқтата тұру, жаңарту, айыру туралы және тағы басқа түзетулер қарастырылады. Сенат басшысы ауыл шаруашылығы саласының мамандарын даярлау және оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне назар аударды. Төраға бұл мәселелермен тек мемлекеттік органдар ғана емес, жұмыс берушілер де айналысуы тиіс екенін атап өтті. Олар жас мамандарды жақсы жағдай жасап, жұмысқа белсенді түрде тартулары керек деп атап өтті.