Created: 19 Қараша 2019
88

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция ұжымы Ажимадин Садиновты құрметті зейнеткерлікке шығарып салды

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция ұжымы Ажимадин Садиновты құрметті зейнеткерлікке шығарып салды. Инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлы Машырыков өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы Ажимадин Садиновтың еңбек жолына қысқаша тоқтала келіп, 39 жылды құрайтын еңбек өтілінің 11 жылын табан аудармастан атқарған қызметіне, көпжылдық мінсіз еңбегі үшін жəне ҚР ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіре келе, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі.


Кенжеғали Сағидоллаұлы Ажимадин Садиновтың өмірлік жолы - бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болатындығын атап өтті.
Сондай - ақ, əріптестері де туған күн иесін зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, өздерінің ақ тілектерін білдіріп, ауыл шаруашылық саласындағы көп жылдары аянбай еңбек еткені үшін алғыстарын білдірді.