Created: 19 Желтоқсан 2019
87

Отан. Тәуелсіздік. Мәңгілік ел!

Бүгін 2019 жылдың 13 желтоқсан күні, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлы Машырықовтың құттықтау сөзімен басталып, Ақтау қалалық аумақтық инспекция басшысы К. Садиновтың баяндамасымен жалғасты. Мемлекеттік қызметке тағайындалған, сынақ мерзімі сәтті аяқталған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешеніне зор үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің тарапынан төс белгісімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен, Нұр отан партиясы тарапынан алғыс хаттармен және инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлының алғыс хатымен марапатталды.