Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қорытынды жиын өтті. Жиналысты инспекция басшысы Кенжеғали Сағидоллаұлы Машырықов ашып, мемлекеттік қызметке тағайындалған, сынақ мерзімі сәтті аяқталған мемлекеттік қызметкердің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Инспекцияның бөлім басшыларының, аудандық, қалалық аумақтық инспекция басшыларының, фитосанитариялық бақылау бекеттерінің мамандарының және әдеп жөніндегі уәкілі А.Мендигерееваның 2019 жылғы қорытынды есебі бойынша баяндамалары тыңдалды. Аудандық, қалалық аумақтық инспекция басшыларына және мемлекеттік инспекторларға 2020 жылға тапсырмалар беріліп, жұмыс көрсеткіштерін күшейтуді тапсырды.