Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады.
2 наурыздан бастап Қытай Халық Республикасынан жемістің 21 түрін елімізге әкелуді тоқтату туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешімі шыққан болатын.
Себебі, цитрустық, сүйекті және дәнді жемістерді өсіретін қытайлық бақтарда зиянкестерге қарсы шаралар дұрыс жүргізілмеген. Ал, импорттық жемістермен бірге әкелінген зиянкестер қазақстандық қоймаларға түскен кезде ауыл шаруашылығының өнімділігіне кесірін тигізуі мүмкін.
Құзырлы ведомство бұған дейін де жемістерді сақтаудағы ереже бұзушылықтың 7 дерегін анықтаған. Сол себепті, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай тарапына ескерту нотасын жіберіп, жемістердің тасымалын тоқтатты.
Ведомство өкілінің келтірген мәліметке сәйкес бұл шара ішкі нарықтағы жеміс-жидектің бағасына әсерін тигізбейді. Алмабек Марс, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы: - Қытай Халық Республикасы тек жалғыз әкелінетін ел емес.
Фитосанитарлық қаупі жоқ елдер жеткілікті. Кәсіпкерлердің сол еелдерден әкелуге толық мүмкіншілігі бар. Біздің ойымызша, Қытай елінен әкелінен импорт көлемі ондай көп емес, жалпы бағаға әсер ететін. Мысалы алма өнімін айта кететін болсақ, жалпы импорттан 7%.