Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының «Тәжен» фитосанитариялық бақылау бекетінде мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында Өзбекстан Республикасынан тасымалданған қырыққабат жаңа (свежая) өніміне жүргізілген карантиндік және зертханалық тексеру нәтижелерінде карантиндік нысан - батыстың гүл трипсі анықталды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап аталған карантиндік нысан 4 рет анықталып отыр (2 жағдайда - тірі, 2 жағдайда өлі күйінде).
Осыған байланысты, өсімдіктер карантині саласындағы заңдылықтарға сәйкес, карантиндік іс-шаралар жүргізілді.
Батыстың гүл трипсі ауыл шаруашылығы өнімдеріне зиян келтіретін – аса қауіпті карантиндік нысанға жатады, өнімділіктің сапасын жойып, өнімділікті азайтады.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаумен, сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар әсіресе карантинге жатқызылған өнімдердің импорты кезінде, өнімді жөнелтуші, яғни экспорттаушы елдің өнімдерді жете тексеруден өткізуін және карантиндік нысандардан таза болуын талап етулеріңіз қажет.
Жер ресурстарының карантиндік нысандардан зақымдануынан қорғау, облысымыздың әлеуметтік және экономикалық өсуіне қосқан үлесіміз деп білейік.