Created: 21 Сәуiр 2020
68

Онлайн режимінде жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 13.04.2020ж. №3-10-711 хатына сәйкес, Инспекция басшысының орынбасарына қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіру дерегі бойынша қозғалған тәртіптік іс бойынша Маңғыстау облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешіміне сәйкес, заң бұзушылықтарды болдырмау шараларын қабылдау жөнінде онлайн режимінде жиналыс өткізілді.

Жиналысты Инспекция басшысы К.С.Машырыков ашып, Инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілі А.У.Мендигерееваның баяндамасымен жалғасты. Баяндамада
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын мемлекеттік қызметші ретінде аталған заң талаптарын сақтау керек екендігі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген кодекс талаптарын қатаң сақтау жөнінде айтылды.
1999 жылдан бері Инспекция құрылғаннан бастап жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Жемқорлыққа қарсы тұру, болдырмау шараларын жүргізу құзырлы органдармен қатар, әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады. Инспекциядағы қызмет өтілімі 10-20 жылдан асатын мамандар саны – 7, 25 жылдан жоғары -1 маман қызмет атқарады.
Мамандардың тәжирбиелері бар екендігін ескере отырып, жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандарға қызметте біліктілігімен және жемқорлықты болдырмау саласы бойынша үнемі ескертіліп келеді.
Осыған байланысты, әсіресе шекаралық фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сонымен қатар аудандық, қалалық инспекция басшылары жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині саласында қолданылатын заңнамалар туралы түсінік жұмыстарын нақты жеткізіп түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері ақысыз тегін жүргізілетіндігі, өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес заң шеңберінде жұмыс атқаратыны туралы жеткізе білу және түсіндіру жұмыстарын қатаң жүргізуді, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануына болмайтындығын ескертілді.
Инспекцияда орын алған келеңсіз жағдайды ескере отырып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау, қайталанбауын болдырмау, сонымен қатар, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларға сәйкес орындау қатаң бақылауға алынатыны жөнінде қосымша бұйрықтар арқылы тапсырмалар берілетіндігін хабарлады.