«Құрық теңіз порты» Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау портының оңтүстігіндегі табиғи шығанақ. Ауа райы қолайлы болған соң мұнда жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді.
2015 жылы сәуірде Құрық портындағы өткізу кешені нысандарының құрылысы басталды. 2016 жылы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген Жалпыұлттық телекөпір кезінде порттың алғашқы өткізу кешені мен теміржол жолы іске қосылды.
Құрық теңіз порты Қытай, Қазақстан арқылы өтетін Каспий теңізімен шығып Әзербайжан, Грузия, одан әрі Түркия мен Еуропа елдерін жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының желісінде орналасқан. Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ)Үйлестіру комитеті «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен Транскаспий бағдарына барлық қатысушылардың қосылуымен құрылды. Үйлестіру комитеті қатысушы мемлекеттердің барлығының мүддесін ескеріп, осы бағдарда жүк ағынын реттеп отырады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөліміне қарасты «Құрық теңіз порты» фитосанитариялық бақылау бекеті автокөлік пен теміржол вагондары теңіз паромы арқылы импорттық, транзиттік, республика ішілік жүк тасымалына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары тәулік бойына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыруда.
Импорттық, транзиттік өнімдер алыс-жақын шет елдерден, әсіресе, Азербайджан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Түркия, Украина, Грузия елдерінен тасымалданады.
Облыс аумағына басқа мемлекеттерден немесе карантинді аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуі мен өз бетімен енуінен қорғау, карантинді объектілерді анықтау, оқшаулау және жою іс-шараларын фитосанитариялық бақылау бекетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асыра отырып, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жургізуде.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы, ҚР АШМ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік нысандардан және бөтен текті түрлерінен қорғау туралы №590 Ережесі, 2016 жылғы 30 қарашадағы Еуразиялық Экономикалық одақ аймағына тасымалданатын карантиндік өнімдерге қойылатын бірыңғай фитосанитариялық талаптар туралы №157 шешімі мен 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 Кедендік Одақ Қағидасы және Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелуге қойылатын фитосанитариялық талаптарды басшылыққа ала отырып мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
Импорттық, транзиттік, экспорттық карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдаушы жеке және заңды тұлғалар оның (сенімді өкілі) иелеріне карантиндік заңнамалары жөнінде түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп, карантинге жатқызылған өнімнің жай- күйін анықтайтын экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификаты түпнұсқасы болған жағдайда, теңіз порты аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құжаттық тексерістер жүргізеді.
Өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 29.05.2015 жылғы №4-4/500 Стандартына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетеді, яғни өсімдіктер карантиніне жатқызылатын өнімдердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге фитосанитариялық және Республиканың басқа облыстарына тасымалдануына карантиндік сертификаттарды беру.
Мемлекеттік қызметті алушы жеке және заңды тұлғалар Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының кеңсесіне немесе «электрондық үкімет порталы» www.egov.kz порталы арқылы өтінімдерін бере алады. Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік жай - күйі анықталғаннан кейін ресімделеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз жүргізіледі.
«Құрық теңіз порты»
фитосанитариялық бақылау бекетінің
өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы Батыржанқызы Қ.