Бұл зиянкес өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өте қауіпті және жойылуы қиын зиянкестердің бірі болып табылады. Ауа –райы жағдайын байланысты бір ұрпағының даму кезеңі 30-45 күнге созылыды және жылына 2-3 ұрпақ немесе одан да көп беруі мүмкін. Қауын шыбыны қауынды 90-95 %, қарбызды 20-25 %, қиярды 5-10 % шейін зақымдайды.
Жалпы қауын шыбыны –омыртқасыздар жүйесіндегі қосқанаттылар отрядының (Diptera), алақанаттылар (Trepetidae) тұқымдастарына кіреді. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, жер бетінде өсімдіктердің жемістеріне зиян келтіретін шыбындардың 5000-нан астам түрлері бар. Олардың ішінде бақша дақылдарының жемістерін ішінен зияндайтын 2 түрі өте қауіпті болып табылады. Оның біреуі - бұл жерортатеңіздік (шығыс) қауын шыбыны, екіншісі - ортаазиялық қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina big) көптеген жылдар бойы Израиль, Ауғанстан, Түркия, Әзірбайджан, Иран, Иракта кеңінен тарап, ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиянын тигізді. Сонымен қатар Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстаннның бақшалы егістіктерінде пайда болды да, бақша дақылдарына орасан зор зиян келтіре бастады.
Қауын шыбынының морфологиясына тоқталатын болсақ, қауын шыбынының дене тұрқы 5,5- 6,5 мм, түсі ақшыл-сары болады. Қанатында қоңырлау түсті үш көлденең жолақ бар. Шеткі екі жолақтың ұштары түйісіп, латынша V әрпіне ұқсап тұрады.
Қауын шыбынының аналығы 6-8 күн ұшып бастаған мезгілден, жас түйнектер байламдарына, күніне 6-10 жұмыртқадан, 120 жұмыртқаға дейін немесе одан да көп жұмыртқа салады. Жұмыртқа кезеңі 3-7 күнге созылады. Жұмыртқадан пайда болған дернәсілдер 7-19 күн аралығында, жас қауын еті және тұқыммен қоректенеді. Толықтай қоректеніп болған соң қауын жемісін тесіп сыртқа шығады. Дернәсіл қауынның етімен қоректенгенде оның сілекейі бөлінеді, сілекейінің құрамында қауынның етін қатты, ащы және жеуге жарамсыз күйге келтіретін ферментер бөліп шірітеді. Сыртқа шыққан дернәсіл, жаз мезгілінде топырақтың 3-5 см, ал күз мезгілінде 10-20 см тереңдіктегі қабатында қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңі 15-45 күнге созылады. Қолайлы жағдай болған жылдары 2-3 немесе оданда көп ұрпақ береді.
Қауын шыбынының өзіне тән ерекшелігі – ол қауынға оның белгілі өсу кезеңдерінде ғана зақым келтіреді. Негізінен қауын шыбыны қауыннң тек түйнек байламдары пайда бола бастаған кезден бастап зақымдайды да, оның басқа вегетативтік мүшелеріне зақым келтірмейді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қауын шыбыны қуыршақтанғаннан кейін топырақта 3-15 см тереңдікте қыстап шығып, көктемде мамыр айының III- ші оңкүндігінде немесе маусым айының I-ші он күндігінде шығады. Алғашқы, яғни I ұрпақ қауын шыбыны ерте пісетін бақша дақылдарында, зиянын тигізсе, I –ші, III -ші ұрпақтағы қауын шыбыны алғашқы орташа және кеш пісетін сорттағы қауындарға зиянын тигізеді.
Қарақия аудандық аумақтық
инспекциясының өсімдіктер қорғау
бойынша бас маманы Асыл Әлібекова
Қауын шыбынының зияны (Характер повреждения плодов личинками дынной мухи.)
- Зиян келген ішкі бөлігі
- Зақымдалған бөлігі
Қарақалпақстанда таралған Қауын шыбыны (Carpomya (Myiopardalis) pardalina)
Қауын шыбынының тигізген зияны қауынға
(Вред, нанесённый дынной мухой.)