Created: 04 Тамыз 2020
101

Таза болса табиғат,  аман болар адамзат

Сол себепті өсімдіктерімізді  қорғау, жер бетіндегі өмірді қорғаумен пара-пар. Туған жердің табиғатын қорғау мемлекетіміздің көтеріп отырған ауыл шаруашылығы кешенін дамытудағы экономикасына да әсері өте зор.

Республикамыздың аумағын карантиндік және аса қауіпті өсімдік зиянкестері, аурулары мен арамшөптерден қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және таралып кетуге қауіпі бар  зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиянын келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілген. Сонымен қатар ҚР-сы аумағын карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында шекара бекеттерінде, кедендерде және облыс аудан орталықтарында мемлекеттік бақылау органдары жұмыс істейді. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан  «Маңғыстау», «Ақтау-порт» станцияларында фитосанитарлық бақылау бекеттері темір жол арқылы Республика аумағына алыс және жақын (Өзбекстан,Түркменстан, Иран, Ресей т.б.) елдерден тасымалданатын  карантинге жатқызылған өнімдеріне және мемлекет ішілік тасымалдардан облыс аралық әкелінентін  карантиндік өнімнің  жай – күйін анықтау үшін өсімдіктер  карантині  жөніндегі мемлекеттік  инспекторы карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) жұмыстарын жүргізеді. Өнім иелеріне немесе жауапты сенімді өкілдеріне ҚР «Өсімдіктер  карантині туралы» Заңы,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 29 маусымда № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген «ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау» қағидалары, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы және кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдерге қойылатын бірыңғай карантиндік талаптар мен әкелу, әкету ережелерін сақтауға түсіндірме жұмыстары түсіндіріп, басты назарда ұстау нақты міндетіміз болып табылады.

Дегенменде,  «Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас» - деген мақалымыз да келтірілгендей  обылыс аралық  тасымалдаушы  тұлғаларымызғада  әкелініп жатқан өсімдік өнімдеріне   карантиндік жай – күйін  уақытында  хабарлап фитосанитарлық карантиндік бақылауға ұсынып, болашақ ұрпағымызға қалатын табиғатымыздың  тазалығын қорғауға  белсенділікпен атсалысса  деген ниеттеміз.  Табиғаттағы өсімдіктерімізді қорғауда,  оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналып, әрі қарай жауапкершілікпен көрсете білсек нұр үстіне нұр болар еді.

                                            

АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық  инспекциясы   

«ст.Маңғыстау» ФББ бас маманы Шарипова З.И.