Created: 08 Маусым 2021
49

Батыстың гүл трипсі – қауіпті карантиндік нысан

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Қазақстан Республикасы аумағын және облыс өңіріне карантиндік нысандардың, яғни зиянкестердің, арамшөптердің және аурулардың енуінен қорғау мақсатында, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізуде.

 

Соңғы жылдары Өзбекстан Республикасынан тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімдердің импорттық және транзиттік тасымалдануы жыл сайын көбеюде. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропа мемлекеттері нарығына шығару Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүргізілуде.

 

Осыған байланысты, Өзбекстан Республикасынан тасымалданған қырыққабат жаңа (свежая) өніміне жүргізілген карантиндік және зертханалық тексеру нәтижелерінде карантиндік нысан - батыстың гүл трипсі анықталуда.

 

Батыстың гүл трипсі ауыл шаруашылығы өнімдеріне зиян келтіретін – аса қауіпті карантиндік нысанға жатады, өсімдіктердің вирустық ауруларын таратады, өнімділіктің сапасын жойып, өнімділікті азайтады. Өсімдіктердің 250 түріне дейін зақымдайды. Көптеген мемлекеттерде таралған. Залалданған көшеттермен, гүлдермен, көкөністермен, жемістермен және декоративтік ағаштармен таралады.

 

Осыған байланысты, қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаумен, сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар әсіресе карантинге жатқызылған өнімдердің импорты кезінде, өнімді жөнелтуші, яғни экспорттаушы елдің өнімдерді жете тексеруден өткізуін және карантиндік нысандардан таза болуын талап етулеріңіз қажет.

 

Карантиндік нысандар Қазақстан Республикасы аумағына таралған жағдайда өсімдіктер ресурстарын бүлдіріп және өнімді өсірмей оның сапасын төмендетеді, оның ошақтарын жою, еліміздің экономикасына орасан зор шығын келтіреді.

 

Жер ресурстарының карантиндік нысандардың зақымдануынан қорғау басты міндетіміз деп есептейік.


Асқар Аманов

АШМ АӨК МИК Жаңаөзен қалалық

аумақтық инспекция басшысы