Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекарасында орналасқан «Темір баба» фитосанитариялық бақылау бекетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының аумағына тасымалданатын карантинге жатқызылатын өнімдерге қойылатын талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаның импорттық, экспорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерге, автомобиль өткізу бекетінде көлік құралдарына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекарасында «Темір баба» фитосанитариялық бақылау бекетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асыра отырып, автомобиль өткізу бекетінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
«Темір баба» фитосанитариялық бақылау бекеті арқылы Республика аумағына тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік зиянкестердің, аурулар мен арамшөптердің өңірге таралмауының алдын алу мақсатында, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-1 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы, 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 «Кеден Одағының кедендік шекарасындағы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалау) жүзеге асыру тәртібі туралы» қағидасы және 2015 жылғы 29 маусымдағы №590 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік обьектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау» Ережесіне сәйкес, мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды, кеден және шекара қызметі органдарымен бірлесе отырып атқарылуда.
Импорттық, транзиттік, экспорттық карантиндік өнімді тасымалдаушы жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлер оның сенімді өкілі иелеріне өсімдіктер карантин саласындағы заңнамалары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, карантинге жатқызылған өнімнің жай - күйін анықтайтын экспорттаушы елдің ұлттық фитосанитариялық сертификаты болған жағдайда, мемлекеттік инспекторлар құжаттық тексеріс жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік жәй-күйін анықтау үшін жүк иесінің қатысуымен орташа үлгілер алынып, карантиндік тексерістен өткізіліп, өнім карантиндік зиянкестерден таза болған жағдайда ғана карантинге жатқызылған өнімнің құжаттары ресімделеді.
Қазіргі таңда Өзбекстан, Азербайджан, Туркменистан және Турция мемлекеттерінен тасымалданып отырған карантинге жатқызылған қызанақ және бұрыш өнімдеріне қатаң карантиндік бақылау және тексерулер жүргізілуде. Себебі, осы аталған өнімдерден аса қауіпті нысан – қызанақ өнімінің қоңыр қатпарлы вирусы болуы мүмкін. Жыл басынан бері Азербайджан Республикасынан тасымалданған қызанақ өнімінен 16 жағдайда аталған вирус анықталып, Республика аумағына таралмауы мақсатында карантиндік іс-шаралар жүргізілді.
Қызанақ өнімінің қоңыр қатпарлы вирусы адам организміне зияны болмағанмен, алқа тұқымдас өнімдер өнімдерін, әсіресе жылыжайларда 70 пайызға дейін жоюы мүмкін, яғни көкөністер алқабына күллі зиян келтіреді.
Осыған байланысты, қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді тасумен, сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға, басқа мемлекеттерден тасымалдау кезінде өнімнің карантиндік нысандардан таза және фитосанитариялық талаптарға сәйкес болуын талап етулерініз сұралады. Жер ресурстарының карантиндік нысандардың зақымдануынан қорғау, облысымыздың әлеуметтік және экономикалық өсуіне қосқан үлесіміз деп білейік.
Ғибрат Баянғали
АШМ АӨК МИК Маңғыстау
облыстық аумақтық инспекциясының
өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекторы