Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы , ауданның егіншілікпен айналысатын шаруа қожалықтарымен кәсіпкерлерінің биылғы егіс науқан алды ,аудан аумағында кездесетін карантиндік нысандар жөнінде мәліметтер беруді жөн көрдік.
Соңғы кездерi Қазақстан әлемнiң көптеген елдерiмен сауда-саттық қарым-қатынастар жасап жатыр. Әрине, бұл ел дамуына, экономикамызды жандандыруға мол мүмкiндiктер беруде. Дегенмен де елiмiз шекарасының ашылуы – ел Тәуелсiздiгiнен кейiн республикамызға адамға жұғатын жұқпалы аурулар, үй жан-жануарларына ауысатын аурулар және даламыз бен қалаларымыздағы алуан түрлi өсiмдiктердi қуратып-құртуға себеп болатын зиянкес өсiмдiктер мен арамшөптер көптеп келiп жатыр, олармен күресуге мемлекетiмiз қатты мән бередi және қадағалап келедi.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптік кешенi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы (Фитосанитария) – Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызметкерлердiң алдында тұрған ең басты мiндетi – республика аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелуiнен немесе өз бетiнен енуiнен қорғау, сонымен қатар өз уақытында карантиндiк объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою шараларын жүргiзу, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргiзу болып табылады.
ҚР «Өсімдік карантині» туралы Заңынан үзінді 13 баптың 21 тармағы ҚР аумағына әкелуге тыйым салынады:
- Карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификатынсыз.
- Карантиндік организмдермен залалданған , карантинге жатқызлған өнім.
- Топырақ , тамыр жайған тірі өсімдіктер .
- Уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми мақсаттар үшін әкелінетін үлгілерден басқа, өсімдіктер ауруларын қоздыратын тірі саңырауқұлақтар , бактериялар , вирустар , сондай-ақ өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер , кенелер , немотодалар , карантиндік арамшөптердің тұқымдары.
Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конститутциясына негiзделiнедi, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-1 «Өсiмдiктер Карантинi туралы» Заңына, Кедендiк одақтың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi келiсiмiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы заңнамаларда көзделгендегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасы аумағында қазiргi уақытта карантиндiк объектiлердiң 15 түрi тараған. Оның iшiнде 10-ы карантиндiк зиянкестер және 5-еуi карантиндiк арамшөптер. Оларға – Американың ақ көбелегi, Шығыс жемiс жемiрi, қауын шыбыны, Батыс (калифорниялық) гүл трипсы, алтынтүстi картоп нематодасы, Калифорния қалқаншасы, картоп күйесi, жұпсыз жiбек көбелегi, Комсток құрты, қара сүгiрдiң түрлерi секiлдi карантиндiк зиянкестер жатады. Ал ендi карантиндiк арамшөптерге – жусан жапырақты ойраншөп, көпжылдық ойраншөп, қызғылт укекiре, тiкенектi алқа, сары шырмауық (арам сояу) жатқызылған.Карантиндiк объектiлердiң таралуына кейбiр жәндiктердiң белсендi миграциясымен қатар, олардың малдар және құстардың жүндерi мен қауырсындарында келуi және ауа мен су ағыстарымен қаупi зор. Карантиндiк объектiлердiң таралуының үлкен факторының бiрi – ол шет елдермен сауда-саттықтың ұлғаюы, ғылыми-техникалық және мәдениеттiк байланыстар болып табылады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында, 2019 жылдың 28 қазанында № 268 VI санымен, ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістер тұралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің «Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, 2020 жылға дейін ауданда бұрын кездесетін аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік нысандардарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізіліп келді.
№ 268 VI -ҚРЗ 28 қазанында 2019 жылы Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты, аса қауiптi зиянды организмдер тізімінен тек шегіртке тектес зиякестерге (азиялық, мароккалық шегірткелер, италяндық прус,үйірсіз саяқ шегірткелер ж.т.б.) және карантинді нысандар тізімінен (қауын шыбыны, оңтүстік америкалық тамат көбелегі, жеміс ағаштарының бактериялық күйіке шалдығу нәтижесінде қурап, жойылып кеткен жеміс ағаштары және мемлекеттік қордағы карантиндік арамшөптерге) қарсы химиялық өңдеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің фитосанитариялық жағдайы бойынша төменде көрсетілген аса қауіпті зиянды организмдердің және карантинге жатқызылған нысандардың экономикалық зиян тигізу шегінен жоғары (ЭЗТШ) қоныстанған аумақтары анықталған жағдайда, өсімдіктерді қорғау және өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың берген нұсқамасы бойынша, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жауакершілігі күшейтілді.
Карантиндік нысандар (калифорниялық қалқаншалы сымыры, шығыс жеміс жемірі, жусан жапырақты ойраншөп, жатаған у кекіре, сарышырмауықтар және .т.б). Осы аталған аса қауіпті зиянды организімдер мен карантиндік нысандарын жою үшін қолданылған пестицидтерді үкімет тарапынан субсидиялау қарастырылған. Кәсіпкерлер,жеке,заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині»Заңын қатаң сақтауы , жеке және заңды тұлғалар әкімшілік бағынушылына қарамастан Уәкілетті орган ұйымдастырған фитосанитриялық сақтық іс-шараларына қатысуға ,орындауға міндетті.Заң талаптары бірінші кезекте, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, карантиндік объектілердің,өсімдік аурулары мен зиянкестердін таралмауына,отандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру,екіншіден-жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер өнімдерін сату,сақтау,тасымалдау тәртібін сақтап,қоршаған ортаны қорғауы және өздерінің шығынға ұшырамауына,мүлкін сақтауға бағытталған.
Түпқараған ауданының көлемінде жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар инспекция мамандарының күнделікті бақылауында болады.
ҚР АШМ АӨК МИК
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Д.Ж.Канатбаева