Created: 08 Қыркүйек 2021
52

Құрық теңіз портындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау

Қазіргі таңда Құрық теңіз порты арқылы жүк ағыны толассыз жүріп жатыр. Көрші елдерден бізге көбіне-көп құрылыс материалдары, автобөлшектер, жиһаз, азық-түлік және жеміс-жидек секілді халық тұтынатын тауарлар  тасымалдануда.

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкіленетін карантинге жатқызылған өнімдер тізіміне енгізілген әрбір карантинге жатқызылған өнімдердің легі карантиндік фитосанитариялық бақылауға жатқызылады.

Ауыл  шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық  инспекциясының өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және  фитосанитариялық   бақылау  бекеттері  жөніндегі мемлекеттік инспекция бөліміне қарасты «Құрық теңіз порты» фитосанитариялық бақылау бекеті  автокөлік пен теміржол вагондары теңіз паромы арқылы импорттық, транзиттік, республика ішілік жүк тасымалына өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары тәулік бойына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыруда.

Құрық теңіз порты арқылы көбінесе Әзірбайжан, Иран, Түркия және тағы басқа елдерінен карантинге жатқызылған өнімдер әкелінеді. Ең алдымен, карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сертификат құжаттарының дұрыстығы тексеріледі. Карантинге жатқызылған өнімдердің кез-келген бөлігіне   карантиндік  тексерулер жүргізіледі. Егерде карантиндік қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдер байқалса, үлгілерді іріктеп, карантиндік зертханаға жіберіледі. Карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік зертхана сараптама қорытындысына сәйкес, карантиндік аурулардан, зиянкестерден таза болған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі ресімдей отырып, кедендік тазалауға  дейін  жүзеге  асырылады.  Бұл карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк жайының карантиндік жай-күйі туралы куәландыратын, өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат. Егерде карантиндік объект анықталған жағдайда, экспорттаушы елге карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі ресімделіп, кейін қайтарылады.  Жыл  басында Әзірбайжан  мемлекетінен қызанақ өнімінің партиялары әкелінген кезде, қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы анықталып, карантиндік іс-шаралар жүргізілген болатын.

2020 жылы Құрық портының аумағында астық терминалының құрылысы басталды. Бұл жоба Құрық портында дәнді және майлы дақылдарды ауыстырып тиеу бойынша заманауи астық терминалын құруға мүмкіндік береді. Жұмыс басталғанда қазақстандық және халықаралық астық компанияларының тәжірибесі ескеріліп, еуропалық өндірушілердің техникалық жабдықтары пайдаланылады. Құрылыс жұмысы 2022 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Өсімдік карантинінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының аумағы басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантинді объектілердің әкелінуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау, карантинді объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу болып табылады.

Карантинге жатқызылған өнім иеленуші жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасы түсіндіріледі және өсімдік карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға міндетті. Өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы заңнаманың сақталуын және мемлекетік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.

 

                                                                                                   Ерболат Карагулов

Өсімдіктер  карантині жөніндегі

 мемлекеттік  инспекторы