Created: 16 Қыркүйек 2021
39

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.  Қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Жас ұр­пақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүл­дем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз ке­рек. Қазір сыбайлас жемқорлықтың бар­­лық түрлерін жою үшін Қазақстан аза­­маттарының құқықтық санасын арт­ты­­ру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қа­лады. Бүгінде мемлекеттік органдар­да сенім телефондары орнатылған. Бұ­қа­ралық ақпарат құралдарында мем­ле­кет­тік қызметтердің көрсетілуі туралы ма­қалалар жариялануда. Мемлекеттік ор­гандардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өт­кізілуде. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. Манғыстау аудандық аумактық инспекция ұжымы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл туралы» зандарынын талаптарын сақтай отырып, занды басшылыкка алып қызмет атқаруда. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.                                       

 

Манғыстау аудандық аумактық

инспекция басшысы

Б.Әбуов