Created: 20 Қыркүйек 2021
39

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірден бір құралы – отбасы тәрбиесі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірден бір  құралы  –  отбасы  тәрбиесі.

 

Қазіргі  кезде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеті әлемнің кез келген елінде,  оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік  құбылыс  ретінде  жалғасып  келеді. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп  бара жатқаны ұрпақ  тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады.

Сыбайлас жемқорлық елдің  әлеуметтік экономикалық  даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежеп, елдің болашағына үлкен зиянын тигізуде.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрестің тарихы «Қылмыстың ұйымдасқан  түріне және  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күресті күшейту  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992ж №684 бұйрықты жарлығынан  басталған болатын. Сол жылдардан бері осы «індетпен» күрес жалғасуда. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып келді. Сондықтан, елімізде 18 қараша 2015 жылы Тәуелсіз мемлекеттердің арасында  алғашқы  болып «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс қимыл туралы» Заңы қабылданған болатын. Осы заңның негізгі принциптері бойынша жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет деп көрсетілген.

Тамырын тереңге жайып кеткен осы бір кеселдің пайда болуын, даму себептерін, таралу жолдарын біліп алмай, оның жолын кесу мүмкін емес. Ол үшін бұл  індетке қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Қоғам болып қарсы тұру үшін де азаматтардың құқықтық  санасы  мен мәдениеті және құқықтық сауаттылығы жоғары деңгейде болуы шарт. Ал, құқықтық сана мен мәдениетті дамытуда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. «Тәрбие тал  бесіктен басталады» демекші,  жастайынан ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу бағытындағы құндылықтарды дәріптеу міндет етіліп отыр. Отбасында ұлттық тәрбиенің негізі , адамгершілік  іс  әрекеттер өзегі болып табылатын - адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасынан құралған шағын  мемлекеттегі жемқорлыққа  қарсы күрес идеясы  қоғамға  араласқанда да үлкен мемлекеттің дамуына еш кедергісіз жол ашары сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте , қандай  қызмет саласында отырса  да, сол қызметінде «Мен еліме не беремін, мемлекеттің  дамуы  үшін қандай үлес қосамын» - дейтін  болса, өз қызметін адал орындап, айналасына  әділ қарап жұмыс жасағанда ғана,  осы «індетті» жеңе алатынымызға сенемін.  

 

Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы  ҚР-ң  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» заңын   негізге  ала  отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және басқа да қызмет  түрлерін  алатын жеке кәсіпкерлермен бірге жыл басынан бері қойылған  жоспарға сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шараларын  өткізіп, егерде сыбайлас  жемқорлық фактілер туындаған  жағдайда сенім почталары мен сенім телефондарына хабар беретіндігі туралы түсіндіреді. Аудан  инспекциясы  құрылғаннан бері  мекемеде мемлекет қызметкерлері мен мемлекеттік қызмет түрін алушылардың арасында сыбайлас жемқорлық көріністері және әдеп  нормаларын бұзу  фактілері  болмағанын  айта  кету керек.

 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев соңғы Жолдауында деректер қорын интеграциялау мен  мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жетелдетуді тапсырған болатын.

Осыған орай,  мемлекеттік қызметтердің электронды жүйеге көшуі сыбайлас  жемқорлықтың алдын  алудың  негізгі тетігі деп  білемін.

 

Өркениетті дамытқысы  келетін , өз басын, ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекет ішіндегі тәртіпті бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі, әрі оны  мемлекет алдындағы борышы деп  сезінуі тиіс.

 

 

 Мұнайлы аудандық аумақтық

 инспекциясының өсімдіктер

 карантині жөніндегі  бас  маманы:  Ниязова М.Б