Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Жемқорлық – індет
Аластау – міндет
М.Әлімбаев
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтебе би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Яғни, әрбір адам немесе басшы мен мемлекеттік қызметші бүкіл болмыс-бітімімен адал, әділ, турашыл, таза болып, нақтырақ айтқанда өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқармайынша қоғам түзелмейді, елдің дамуы алға жылжымайды. Сол себепті, мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет қана емес, зор жауапкершілік һәм ел үшін туып, ел үшін қызмет етумен тең.
Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз – қоғам. “Қоғам – өмірдің айнасы” дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою міндет бізге. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Әрі ол кісінің басты парызы. “Бастаушы болса қостаушы бар”. Бұрыннан ізашары ашып берген бұл бастамамен күресудің ізбасары болып үлес қосайық.
Қорытындылай келе, жемқорлық-қаупі жағынан экстримизмнен еш кем емес жау. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтын алдын-алуға күш салу, күресу баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» - дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға, дамыған 30 елдің қатарына кіруге, тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ.
Ендеше, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды арытып әлемдік бәсекелестікке шығу – қоғамның дамуы.
«Адам – ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбек сүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен Күн – аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам» деген Данышпан Абай атамыз.
Ақтау қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы Ж.Сағынғали