Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес
Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес–ең өзекті мәселенің бірі. Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәселестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдердің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу. Осы міндетті орындау үшін ҚР АШМ Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыда құқық бұзушылықтарға бой алдырушылыққа себебтер көп. Оған, ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететіні болса керек. Кей мемлкеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне сепігін тигізуде. Сондай–ақ кейбір мемлекеттік орган басшылыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда белсенділік танытпай жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беліне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түркі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттілігі шегінде кадр бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалыуын қамтамасыз етуге міндетті. Әрине сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтып заңсыз әрекеттермен қоғамдық және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын –алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғайуына жол бермеу керек. Сондай жағдайда ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конститциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың, құқтарын, бостандықтарын, абройымен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті. Шынын да, қоғамдағы заң шығарушы органдар мен билік басындағылар елге әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда халық сеніміне ие болады. Ең бастысы, әр адамның бойында үш қасиет болуы керек. Олар парасаттылық, адалдық, сенім болуы шарт.
ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің
Бейнеу аудандыкаумақтық инспекциясы бас маманы: Шамканов А.Ж