Created: 02 Қараша 2021
44

Фитосанитариялық бақылау – нақты міндет

«Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» (АТСТ) Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.  Ақтау  теңіз  порты арқылы Қазақстан мен Орта Азияның  өнімдерін Күнгей Кавказ, Парсы шығанағы мен Ресей Федерациясы елдеріне   транзиттік жеткізудің көлемі  ұлғаюда. 

 

         Маңғыстау облысына Актау  теңіз порты арқылы  Иран Ислам Республикасы және Азербайджан елінен карантиндік объектілердің әкелінуі мен өз бетімен енуінен қорғау, карантинді объектілерді анықтау, оқшаулау және жою іс-шараларын «АТСТ» фитосанитариялық бақылау бекетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге  асыра отырып, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жасалады.               

 

         «АТСТ» фитосанитариялық бақылау бекеті арқылы Республика  аумағына  жақын және алыс шетелден тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік зиянкестердің, аурулар мен арамшөптердің өңірге таралмауының алдын алу мақсатында, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпандағы  № 344-1  «Өсімдіктер  карантині  туралы» Заңы, 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 «Кеден Одағының кедендік шекарасындағы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалау) жүзеге асыру тәртібі туралы» қағидасы және ҚР Үкіметінің  қаулысымен бекітілген 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590  «ҚР  аумағын  карантиндік  объектілерден  және бөтен  текті  түрлерден қорғау» Ережесіне сәйкес мемлекеттік  фитосанитариялық  бақылауды, кеден және  шекара  қызметі органдарымен бірлесе  отырып, бір терезе қағидасы бойынша жұмыс  жүргізіледі.

 

          Теңіз порты  аумағында  қуаттылығы  жоғары бір  мезгілде  60 мың  тоннаға  дейін  сақталатын  бидай  терминалы орналасқан, қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  бидай  экспортын   теңіз  арқылы  Иран  Ислам Республикасына,  одан  әрі  Араб  мемлекеттеріне  шығаратын  теңіз  қақпасы  болып  саналады.  Бидай  экспортының  фитосанитариялық  жағдайына  үнемі   бақылау  жүргізілуде.

 

          Импорттық, транзиттік, экспорттық карантиндік өнімді тасымалдаушы  жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлер оның сенімді өкілі иелеріне  өсімдіктер карантин саласындағы  заңнамалары жөнінде  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, карантинге жатқызылған өнімнің жай - күйін анықтайтын экспорттаушы  елдің  ұлттық фитосанитариялық сертификаты/түпнұсқа/ болған жағдайда,   мемлекеттік инспекторлар құжаттық тексеріс жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік жәй-күйін анықтау үшін, күмәнді  болған  жағдайда   жүк иесінің қатысуымен орташа үлгілер алынып, карантиндік тексерістен өткізіліп,  өнім карантиндік зиянкестерден таза болған жағдайда  ғана карантиндік  өнімнің  құжаттары  ресімделеді.

 

         Мемлекет ішінде тасымалданған астық өнімдері (бидай, арпа) Ақтау  теңіз  порты   аумағына кіргеннен  кейін, карантиндік жәй-күйін анықтау үшін  өнімді мемлекеттік инспекторы карантиндік тексерістен өткізіп, таза болған жағдайда  ғана  астық терминалына  құйылады.

 

         ҚР Үкіметінің  қаулысымен бекітілген 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590  «ҚР  аумағын  карантиндік  объектілерден  және бөтен  текті  түрлерден қорғау» Ережесіне сәйкес     сай заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету карантинге  жатқызылған  өнімдерге     Қазақстан Республикасының аумағынан   жақын және алыс шетелдерге экспортқа фитосанитариялық сертификатты ресімдеу фитосанитариялық бақылау бекетінің  өсімдіктер  карантині жөніндегі  мемлекеттік    инспекторлары  арқылы  жүзеге  асырылады.    

                                                                 

        «АТСТ» фитосанитариялық бақылау бекеті аумағына  көктем  айларында карантиндік зиянкестерге, арамшөптерге және ауруларға карсы (арамшөптер жатаған укекіре, сары шырмауық, жусан жапырақты ойраншөп, көп жылдық ойраншөп)  зерттеу жұмыстары жүргізіліп, карантиндік іс-шаралар жүргізіледі.

 

        Ақтау теңіз порты арқылы Қазақстан Республикасының  импорттық, экспорттық-транзиттік әлеуетін барынша қолдау мақсатындағы жақын және алыс  шетелден келген өсімдіктер карантиніне жатқызылған өніммен карантиндік зиянкестердің еніп кетпеуін бақылау, қадағалау күшейту басты-  нақты  міндет  болып табылады.

 

Н.Зейнуллина

    АШМ  АӨК МИК  Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

    «АМСТ» фитосанитариялық бақылау бекетінің

    бас маманы     Н.Зейнуллина