Created: 07 Наурыз 2022
32

ЖАДЫНАМА!

ЖАДЫНАМА!

Облыс тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі,

агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

ХАБАРЛАЙДЫ!

Ауылшаруашылығы соның ішінде егін шаруашылығына қолданылатын пестицидтерді, улы химикаттарды тұрғын үйлерде дезинфекциялық құрал ретінде пайдалануға қатаң тыйым салынады!

Өсімдік зиянкестерімен күресу үшін тек далалық жағдайларда пайдаланылатын улы препарттарды тұрғын үйлерді залалсыздандыру адам денсаулығына орасан зор қауіп төндіреді және адам өліміне әкеліп соқтырады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жеке және заңды тұлғалардың тиісті лицензиясы және пайдалану технологиясы болмаса егін шаруашылығына арналған улы пестицидтерді қолдануға, үй-жайларға дезинфекциялық препарат ретінде пайдалануға қатаң түрде тыйым салынатындығы қаперге беріледі!

Жоғарыда аталған заңбұзушылықтарға жол берілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес  әкімшілік және құқықтық жауапкершілікке тартылу көзделгені ескертіледі!