Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына, Президент Қ.Тоқаев Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жаңа Әдеп Кодексі ең алдымен қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметшілердің бойында моральдық - адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттің қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізілді. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптары көрсетілген. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, халықпен жұмыс жасауға дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі керек.
Әдеп Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сервистік, ашықтық және халық үшін қолжетімді мемлекеттік апапараттың қалыптасуына әрбір мемлекеттік қызметші ықпал етуі тиіс.
АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі
А.У.Мендигереева