Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің жалпы сипаты.
Химиялық препараттарды зиянды жәндіктер мен өсімдік ауруларын және арам шөптерді жою үшін пайдаланудың әр түрлі тәсілдері бар. Олар: бүру, тозаңдату, фумигациялау, аэрозоль, еліктіргіш затпен беру, дәрілеу, өсімдіктің ішкі терапиясы (интоксикация).
Пестицидтердің ертінділерінің, эмульсияларының немесе суспензияларының тамшы, сұйық күйінде өңдеу бүрку деп аталады. Бүркуді жүргізу үшін арнайы қондырғылар (тракторлы және авиациялық бүрку) қолданылады.
Бүрку – әдісі басқа пестицидтермен өңдеу әдістеріне қарағанда жұмсалу мөлшерінің аздығымен, бүркілетін ауданға тегіс жұғуымен ерекшеленеді. Бүркуге арналған ерітіндіге жұғу қасиетін жоғарылатқыш заттар қосу арқылы пестицидтердің тиімділігін жоғарылатуға болады. Табиғаттың жағдайларына байланысты бүркуде әртүрлі пестицидтер құрамдарын қолдануға болады.
Бүркудің кемшіліктері жұмыс істейтін ерітінділерді жасаудың күрделілігімен, бекітілген жұмсалу мөлшерін сақтау мүмкіншіліктерінің төмендігімен, қондырғының даттануымен сипатталады.
Тозаңдандыру – белгіленген ауданды пестицидтің тозаң күйімен бүрку.
Бұл әдістің ерекшелігі дайын дусттар болғандықтан бүрку алдында арнайы ерітінділер дайындалмайды.
Тозаңды препараттар дәнді-дақылдардың қалың егістіктеріне оңай енеді.Тозаңдандырудың кейбір тиімсіз жақтары бар. Ол бүрку кезіндегі ауаның ластануы, адамға зиянды әсерінің болуы.
Тозаңды препараттардың жуып-шайылуы және желмен ұшуы жиі кездеседі. Өсімдік бетіне қонған тозаңдар ауа ағынымен басқа жерлерге ауысады.
Фумигациялау – зиянды ағзалардың мекендейтін ортасына пестицидті газ немесе бу күйінде жіберу. Фумигациялау дақылдарды сақтаудағы зиянкестермен күресудің негізгі жолы. Фумигациялау әдісі топырақтағы зиянкестермен және кеміргіштермен күресуде пайдаланылады.
Бұл әдістің тиімділігі пестицидтің улы буының немесе газды материалдардың ұсақ тесіктеріне, қуыстарындағы ұялаған зиянкестерді жоюуымен негізделген. Дақылдардың өнімі сақталатын бөлмелерді жақсы ауа өткізбей бүрку жұмыстарын жүргізгенде 100% тиімділік алуға болады.
Фумигациялау жұмыстарынан кейін бөлмені желдетіп, дегазациялау жүргізіледі.
Дән сақталатын қоймаларды дегазациялау жұмыстары, тазалау машиналары арқылы кептіру, желдету және орын ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Камералық фумигация. Келесі жылы отырғызылатын материалдарды (алма, пияз, әртүрлі отырғызылатын материалдар) зиянкестерден қорғау үшін камералық фумигациялау жасалады. Арнайы камераларды тиісті температура, герметизациялау, фумиганттың мөлшері белгіленген.
Камералық фумигациялау вакуумдық және вакуумсыз болып бөлінеді.
Вакуумсыз фумигациялау – ауа жібермейтін бөлмеде орналастырылған материалды фумиганттың белгіленген концентрациясымен фумигациялау. Мұндай фумигациялау отырғызылатын көшеттерді және гүлдерді карантиндік нысандардан тазарту үшін көлемі 400-200 м2 бөлмелерде қолданылады.
Вакуумдық фумигациялауда арнайы ауасын сорып шығыратын қондырғылар жасалады. Материалдарды орналастырғаннан соң вакуум насос көмегімен ауасын сорып шығарады, қысымы 112-125 мм сынап бағанасына жеткізіледі. Кейін газ генератордан жіберілген газ немесе бу тәрізді фумигант диффузия арқылы залалсыздандырылады. Вакуумдық фумигациялау біткен соң улы ауа белгіленген жерге сығылып залалсыздандырылады. Материал желдетілгеннен кейін камерадан шығарылады.
Типтік фумигациялау қондырылғыларында фумиганттың концентрациясын анықтауды, газды ауаны сорғыш түтіктер атқарады.
Фумигациялау қондырылғыларында препаратты газ, бу фазаға айналдырылатын бөлігі, газдың тазалық деңгейін анықтайтын индикатор орнатылған.
Фумигациялау қондырылғыларын жүргізетін жұмысшылар арнайы газға қарсы маскалар киеді.
Палаталық фумигациялау аса бағалы ағаштар мен бұталардың зиянкестермен күресуде пайдаланылады. Оларды газ өткізгіш материалдардан жасалған палаткалармен жабады және астынан фумиганттың белгілі концентрациясы жіберіледі.
Жылыжайларды фумигациялау – жабық алаңдарды зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Осы әдістің бұл түрі басқа фумигациялау түрлерінен айырмашылығы шамалы. Жылыжайларды фумигациялағанда препараттардың маусымдық өсімдіктерге тиетін әсері ескеріледі. Жылыжайларды фумигациялауда аэрозольді бүрку де қолданылады.
Топырақты фумигациялау, топырақтағы зиянкестерді жою үшін қолданылады. Топырақты фумигациялау кезінде топырақтың сіңіргіш қасиеттері, фумиганттың сіңгіштік қасиеті, топырақтың ауыр механикалық құрамы, ылғалдылығы ескеріледі. Сол сияқты топырақтағы фумиганттар буланудың нәтижесінде ұшып кетуі мүмкін.
Осы факторларды ескере отырып, фумигациялауда қайнау температурасы жоғары препараттар қолданылады. Топырақты фумигациялауда препараттар 18-20 см тереңдікке көміліп жабылады. Қатты фумиганттар соқа атыздары шұңқырларына металл желіде, сұйық препараттар инжектор торда көміледі.
Аэрозольды пестицидтерді қолдану – зиянды ағзалар мекендейтін ортаға пестицидтердің жоғары дисперсті (түтін, тұман) күйін бүрку. Аэрозольды пестицид бөлшектерінің диаметрі 0,001-ден 50 мкм, орташалары 20-дан 50 мкм құрайды. Аэрозольды пестицидтердің бөлшектері ауада баяу отырады. П.В.Поповтың санағы бойынша бөлшектердің ауадағы өзгерісі су тамшыларының диаметріне және түсу жылдамдығына байланысты.
Аэрозольдар дисперстілік, конденсация және термомеханикалық әдістермен алынады. Дисперстілік әдісте сұйық пестицидтерді ұсақтау аэрозольды генераторлардың ауа ағынында немесе пестицидті сұйық ұшпада жүргізеді. Осы кезде сұйық буланып, тамшылар аэрозольға айналады. Аэрозольдар көбінесе бау-бақшалардың зиянкестерімен күресуде, бидай сақтайтын қоймаларды дезинфекциялағанда қолданылады.
Уландырылған еліктіргіштер – пестицидтерді еліктіргіш жемдермен немесе материалдармен қолдану.
Еліктіргіштерді дайындау үшін ішек арқылы әсер ететін улы заттар, зиянкестер мен кеміргіштер жақсы жейтін жемдер қолданылады. Еліктіргіштерді дайындауда препараттардың мөлшері басқа әдістерге қарағанда төмен келеді. Еліктіргіш заттар ретінде дәнді-дақылдардың дәндері, талқан, ұн, тары, т.б. қолданылады.
Тұқым немесе себуге арналған материалдарды улау – пестицидтерді тұқым немесе себуге арналған материалдардың бетінде немесе ішкі қабатында орналасқан зиянды ағзаларға қарсы қолдану. Осы мақсатта инсектицидтерден, жүйелік және жанаспа фунгицидтерден құрамалы дәрілеуіштер қолданылады.
Қазіргі таңда қолданылатын дәрілеуіштер өсімдік бойына енгіш, ондағы инфекцияларды жою сияқты қасиеттер тән.
Ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарын дәрілеу барысында:
- себуге арналған материалдар арқылы берілетін ауру қоздырғыштар жойылады;
- тұқым немесе себуге арналған материалдардың өсіп-өну қасиеттерін сақтайды және зеңденуін болдырмайды;
- топырақта мекендейтін зиянкестермен залалдануын төмендетеді;
- тұқымдардың өну энергиясын жоғарылатады, егістікке көктеуін, өсімдіктің өсіп-жетілуін жақсартады;
- күздік дақылдардың жақсы қыстап шығуына ықпал етеді.
Препарат түріне, ауру қоздырғыштардың биологиясына байланысты дәрілеуіштер құрғақ, жартылай құрғақ, сулы және дымқылдау арқылы қолданылады.
Көп жағдайда дәрілеу алдын-ала тұқым себуге дейін 2-3 ай қалғанда жүргізіледі.
Пестицидтердің жіктелуі
Пестицидтердің көптеген нысандарға әсері, түрлі препараттар мен олардың химиялық құрылымдарына байланысты және де оларды бір-бірінен оңай ажыратып алу үшін оларды жіктейді.
Пестицидтерді қолдану нысанына байланысты жіктеу шартты, өйткені олардың жәндіктерге, кенелерге және олардың жұмыртқаларына әр түрлі әсері бар. Мысалы, карбофос әрі инсектицид, әрі акарицид. Оларды инсектоакарицид деп атауға болады. Көптеген препараттар саңырауқұлақ ауруларын және тағы сол сияқты зиянкес жәндіктерді, кенелерді құртады. (Мысалы, каратан, мороцид, күкірт препараттары). Бұларды акарофунгицид деп атайды.
Көптеген гербицидтер қолдану мөлшерін жоғарылатқан жағдайда ағаш, бұталарды жояды. Оларды арборицид деп атайды.
Пестицидтер қолдану нысанына байланысты олар бірнеше топқа бөлінген:
- Инсектицидтер – жәндіктермен күресу үшін;
- Акарицидтер – кенелерге қарсы;
- Овицидтер – зиянды жәндіктер мен кенелердің жұмыртқаларын жою үшін;
- Ларвицидтер – дернәсілдерді жою үшін;
- Родентицидтер – кеміргіштермен күресу үшін;
- Фунгицидтер – саңырауқұлақ ауруларымен күресуде;
- Бактериоцидтер – бактериялды аурулармен күресуде;
- Гербицидтер – арамшөптермен күресуде;
- Арборицидтер – қажетті емес бұта ағаштарын жою үшін;
- Альгицидтер – бардырлармен күресуде;
- Афицидтер – бітелерге қарсы;
- Вирусоцидтер – вирустарға қарсы қолданылады.
Организмге әсер етуіне байланысты келесі топтарға жіктеледі:
Ішекке әсер етуші пестицидтер, зиянды нысандарға тамақпен түсу арқылы, организмді улайды.
Жанама әсер етуші пестицидтер, организмге сыртқы тері мүшелері арқылы енеді. Бұл пестицидте нысанға токсологиялық мөлшерде бармайды.
Фумиганту инцектицидтері, организмге газ немесе бу күйінде баруы.
Жүйелі әсер етуші пестицидтер, өсімдікке өсімдіктің сөлі немесе ұлпалары арқылы енген токсин мөлшері өңделмеген күйінде жүйке талшық жүйесімен қозғалады.
Барлық пестицидтер жанама әсерлі, жүйелік болып екі топқа бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағзаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдіктердің ағзасына сіңгіш, ұлпаларымен жылжи отырып, зиянды ағзаларды жояды.
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау обьектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономиклық шегінен асатын зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс – шаралар жүргізуге міндеттеледі. Сондай – ақ жоғарыда аталған жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және фитосанитариялық есептілікті уәкілетті органға уақытылы табыстауы қажет. Фитосанитариялық есептілік уақытылы табысталмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 403 бабы, 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылу көзделген.
ҚР АШМ АӨК МИК
«Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы»