Created: 08 Сәуiр 2022
136

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»

            06 сәуір  2022 жылы  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция  Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы, бағынысты мемлекеттік  мекемелер  «Республикалық өсімдіктер  карантині  орталығы»  мемлекеттік  мекемесінің  «Маңғыстау облыстық  карантиндік  зертханасы»,     «Республикалық  фитосанитариялық  диагностика  және   болжамдар  әдістемелік  орталығы»  мемлекеттік  мекемесі  Маңғыстау облысы бойынша филиалдары   мамандарының, шаруа  қожалықтары  иелері  мен  өкілдері   қатысуымен Түпқараған аудандық  әкімшілігінде аудан  әкімінің  төрағалығымен  көктемгі  егін  жұмыстарына  дайындық  тақырыбында  кеңейтілген  семинар  өткізілді.

           Аудан  аумағындағы шаруа  қожалықтарының  жер  телімдерінде  карантиндік  зиянкес – қауын  шыбыны  таралған, осыған  байланысты  зиянкестің  зияндылығы, биологиясы  туралы  айтылды,  оған  қарсы  күресу  жұмыстарын  жүргізу, көктемгі  және  күзгі  агротехникалық  іс-шараларды  жүргізу  маңызды, осыған  байланысты  карантиндік  нысанды  жою  үшін  кешенді  жұмыстар  жүргізілу  керек  екендігі  туралы  түсіндірілді.

           Жерді  баптау, яғни  күзгі  орылымнан  кейін  өсімдік  қалдықтарын  жою, жерді  жырту  және  ауыспалы  егіс  тәсілін  қолдану  жер  құнарлығын  арттырып, зиянкестерден арылу, осыған  сәйкес  сапалы  өнім  алуға  жол  ашады.

           Сонымен  қатар, көкөніс  өнімдерінің  қызанақ  аурулары  мен  зиянкестерінен сақтану  және  улы  химикаттарды  пайдаланған  жағдайда  фитосанитариялық  есептіліктерді  тапсыру  жөнінде  ескертілді.

             Жер  ресурстарының  карантиндік  нысандардың  зақымдануынан  қорғау,   облысымыздың  әлеуметтік  және  экономикалық  өсуіне  қосқан  үлесіміз   деп  білейік.