Created: 28 Сәуiр 2022
32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ міндет

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  баршамызға  ортақ  міндет

Адамзатқа  ертеден  таныс  сыбайлас  жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған  қауіпті  кеселдің бірі. Біздің  Республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар  жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Жемқорлықпен   күрес жалпы  барша халықтың борышы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес туралы» Заңына сәйкес  сыбайлас  жемқорлықпен  күресті  барлық  мемлекеттік   қызметшілер  жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; құқық бұзушылыққа  немқұрайлы қарайтын, кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі.

Сыбайлас жемқорлық пайда болуын, даму, таралу жолдарын біліп,  жемқорлық  дертінің   жайылуына  қолайлы жағдай туындауына жол бермеу әрбір мемлекеттік  қызметшінің  міндеті. Яғни, көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, мемлекеттік  қызметшілер   осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмыстарының  деңгейі мен сапасын, арттыру керектігінің маңызы зор. Халық  өздерінің  құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Теріс әрекеттер ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   жол  бермеу  әрбір мемлекеттік  қызметшінің  міндеті  деп  біліп, заңнама талаптарын  ескере  отырып, келеңсіз жайларға жол бермеуіміз керек.

 

ҚР АШМ АӨК МИК

Жаңаөзен  қалалық аумақтық инспекция

басшысы  А.Н. Аманов