Created: 27 Мамыр 2022
55

27.05.2022 жылы Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

27.05.2022 жылы Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ө.Ш.Шандыбаев пен осы инспекцияның бас маманы М.Б.Ниязова осы аудан аумағында орналасып, жақында пайдалануға берілген арнайы мал азығын (құс жемі) өндіретін «Ақтау Агро» ЖШС мекемесіне фитосанитарлық бақылау және қадағалау  мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме барысында, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы, «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы, «Кәсіпкерлік» Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, және АӨК АШМ –нің №590 бұйрығын негізге ала отырып, Өсімдіктер карантиніне жатқызылатын өнімдерді облысаралық және мемлекетаралық тасымалдау  барысында  тиісті құжаттарының (фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар, зертханалық сараптама қорытындылары) болуын, өнімді әкелу аймақтарында орналасқан уәкілетті орган ведомствасының аудандық бөлімшесін қолжетімді әдіспен хабардар етуін, жеткізу орындарында фитосанитарлық бақылау және қадағалаудың қамтамасыз етілуін, шығарған өнімдерді сақтайтын қоймаларды, өндірістік алаңдарды химиялық өңдеуден өткізіп отыру және шыққан өнімді лабораториялық сараптамадан өткізіп, қорытындысын алып, аудандық бөлімшеден КФК актісін алуға тиісті екендігі айтылды.

«Ақтау Агро» мекемесі Маңғыстау облысындағы құс етін өндіруші «Каспий Құс» ЖШС-і үшін арнайы құс жемін дайындайтын бірден-бір жаңа технологиямен жабдықталған өндіріс орны. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында инспекция мамандары осы мекеменің жұмыс жасау процесімен әрі жем өндіру  технологиясымен  жете  танысты.