Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2021 жылғы 28 мамырдағы № 172 бұйрығына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өсімдіктер карантиніне жатқызылатын өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тасымалдауға - фитосанитариялық және облыс аралық тасымалдауға - карантиндік сертификаттар, Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге келісім - хат және "Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік қызметтерін алу үшін жеке және заңды тұлғалардың берген өтінімдері бойынша, бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі (БАБЖ) өсімдіктер карантині порталы арқылы ресімделуде.
Қазіргі таңда 2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде: карантиндік және фитосанитариялық сертификаттар беру.
Фитосанитариялық сертификаттарды алу үшін өтінімдерді беру электрондық цифрлық кілттері арқылы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы немесе Инспекция кеңсесі арқылы өтінімдерін беруге болады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру немесе оны беруден уәжді бас тарту 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді. Карантиндік сертификаттарды алу үшін өтінімдердің қабылдануы мен берілуі толықтай электронды түрде жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді. Дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде береді.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) береді.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама теңіз порттарында, әуежайларда және темір жол станцияларында, экспорттық партияларды қайта тиеу кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады.
Облыс аумағынан экспортталатын ауылшаруашылық өнімдеріне фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру тегін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Инспекцияның mang-tik.kz сайтыныан толықтай ақпараттар алуға болады.
Ақжарқын Мендигереева
АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық
аумақтық инспекциясының
өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау
және фитосанитариялық бақылау
бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі басшысы