Мемлекеттік қызметте , қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын сақтайық
Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.
Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілердің жалпы ережелері, мінез-құлықтың жалпы стандарттар, қызметтен тыс, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтың жалпы стандарттары мемлекеттік қызметшілердің қандай болу керектігі айтылған.
Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, мемлекеттік қызметші өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге, пайдаланбауға жол бермеуге тиіс.
Сонымен қатар, аталған кодекспен мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау талаптары қойылған.
Мемлекеттік қызметшілерге басқа да азаматтармен қатар қандай да бір ойын-сауық орындарына баруға тікелей тыйым салынбаған.
Алайда, олардың жеке табысынан бірнеше есе артық ақшаны
ойын-сауық орындарында жұмсауы қоғам тарапынан сын тудыруы мүмкін.
Құмар ойындарға шамадан тыс әуестік мемлекеттік қызметшілерді басқа заңсыз табыс көздерін оңай ақша табуға бағытталған әрекеттерге баруға итермелеуі мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта интернет, әлеуметтік желілер қоғамдағы басты коммуникация құралы және мемлекеттік билік пен халық арасындағы пікір алмасу алаңы болып табылады.
Әдеп Кодексінің 9 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттік лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс.
Сондайақ, 2023 жылдың наурыз айынан бастап, қоғамдық орындарда балағат сөздер айтылған жағдайда, заң бұзушылық болып табылып, әкімшілік жаза қолданылатындығы ескертілуде.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша Инспекцияда түсіндіру, профилактикалық жұмыстары мемлекеттік қызметшілер арасында азарт ойындарға тәуелділігіне және әлеуметтік желілерде жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отыр.
Жалпы, Инспекция ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдай тұрақты, қақтығыс жағдайлар немесе шағымдар болған жоқ. Жүргізілген мониторингтік жұмыстар бойынша әлеуметтік желілерде жағымсыз публикациялар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің дисциплинарлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.
АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі
А.У.Мендигереева