Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.
Әдеп Кодексі 5 тармақтан тұрады, мемлекеттік қызметшілердің жалпы ережелері, мінез-құлықтың жалпы стандарттар, қызметтен тыс, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтың жалпы стандарттары мемлекеттік қызметшілердің қандай болу керектігі айтылған.
Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, мемлекеттік қызметші өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын сақтау, Әдеп нормаларын сақтау өз күш - жігерін, білімін атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, адал қызмет ету қызметтегі бағалауда, жоғарылауға, ілгерілеуге оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттің қызметшінің сыртқы келбеті - оның жетістікке жетуінің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті, сыпайылылықтың дәрежесін куәландыратын «код» болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттері оның: парасаттылығы, жауапкершілігі, бастамашылдығы және стреске төзімділігі.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиада аккаунттарды пайдаланған кезде қызметтік этика нормаларын бұзуылмауының алдын алған жөн.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сыни көзқарастың қалыптасуына алып келетін посттар мен пікірлер орын алған жағдайда мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізері анық.
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: әрбір мемлекеттік қызметші, ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуі тиіс. Осындай жағдайда, айта кететін Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінде органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал, ауызбіршілікті қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін, мемлекеттік қызметшілер жыл сайын көтермеленіп келеді. Мемлекеттік қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын жұмыс кезінде және жұмыстан тыс уақытта ұстану, жұмыс уақытында мемлекеттік қызметшілер классикалық киіну стилін ұстану, қарапайым болуы, осының барлығы мемлекеттік қызметшінің іскерлік пішінінің ұқыптылығын көрсетеді. Мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оған қарсы тұруы, мемлекеттік органда абыройлы қызмет атқаруы басты міндеті болып табылады.
АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі
А.У.Мендигереева