Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалары және Қазақстан Республикасы аумағына карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелуге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес, карантиндік нысандардың, яғни зиянкестердің, арамшөптердің және аурулардың енуінен қорғау мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі. Қазақстан Республикасы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау обьектілерінің бірі тұқымдық себу мен отырғызылатын материалдары болып табылады. Көктемгі маусымдық кезеңде басқа облыстардан тасымалданатын немесе импорттық тасымалданатын, сауда орындарында сатылатын тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарына, яғни көшеттерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігіне карантиндік тексеру және бақылау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі көшеттер карантиндік аурулар мен карантиндік зиянкестердің таратылу көзі болып табылады. Тасымалданатын көшеттер мен тұқымдар Республикамыздың басқа облыстарынан тасымалданған жағдайда карантиндік сертификаттар, шетелден тасымалданса фитосанитариялық сертификаттары болуы тиіс. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік нысандардан таралмауынан және уақытында анықтау мақсатында қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдаумен, сатумен, егумен және сақтаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының байланыс телефондарына (60-50-41) дереу хабарлауы қажет. Жер ресурстарының карантиндік нысандардың зақымдануынан қорғау, облысымыздың әлеуметтік және экономикалық өсуіне қосқан үлесіміз деп білейік.
Ақжарқын Мендигереева
Ақтау қалалық аумақтық инспекция басшысы