Біз қазіргі таңда болашағы зор, жетістігі мол қоғамда өмір сүріп келеміз. Алайда бұл қоғамның шешімі табылмай тұрған бір дерт бар, ол – сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы дертке арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына жол бермеуіміз керек.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен.
Мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн, заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметшінің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы керек. Тәрбие отбасынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметші шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патриоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.
Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Маңғыстау облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары да осы дертке қарсы күресуде. Яғни, атап айтқанда жыл сайын Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап 18 мамыр аралығында Инспекция бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 жиналыс өткізілді және Инспекцияның mang-apk.seosite.kz сайтында 2020 жылдың 05 ақпан күні Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маманы Д.Қанатбаеваның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - біздің ортақ парызымыз» және 2020 жылдың 10 ақпан күні Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Н.Б.Аманжолдың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік» атты мақалалары жарияланды.
Инспекцияның кіреберісінде инспекция басшысының жеке қабылдау кестесі, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдары мен арыздарына арналған жәшігі және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған, мемлекеттік қызметтер туралы стенділер орнатылған және үнемі сағат 09:00-ден бастап жұмыс уақыты аяқталғанға дейін дыбысбейнероликтер көрсетіліп тұрады. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарға қатысты және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарға қатысты мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасымен салыстыру жүргізіліп тұрады.
Жыл сайын инспекция мамандарына жеке табысы туралы декларациялардың уақытылы тапсырылуы түсіндіріледі және бақыланады.
Инспекция бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері тіркелген жок. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса береді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек, барлығыңызды сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырамын, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Г.Кощиева