2018 жылдың 8 тамыз күні Инспекцияда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Қ.Байгебаевтың және осы департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының жетекші маманы Ч.Ибраевтың, мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы Т. Сариевтың, "Азаматтық құқық" ЖМ директоры А.Байбатырованың қатысуымен "Қазіргі заманғы агроөнеркәсіптік кешендегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдері" тақырыбында конференция өтті.Конференция барысында ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция басшысының м.а. Ж.Н.Амантурлыев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы 2018 жылғы ақпарат", Өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы А.У. Мендигереева "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс" тақырыбында баяндамаларын оқыды. Конференцияға қатысушы мемлекеттік қызметкерлер тақырыпқа сәйкес өз пікірлерін айтып, күнделікті кездесетін түрлі жағдайдағы мәселелер төңірегінде және өздерін толғандырған сауалдарына Департамент өкілдерінен жауаптар алып, ризашылықтарын білдірді.