2018 жылдың 12 қазан күні ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында облыстық, аудандық инспекция қызметкерлерінің қатысуымен семинар-тренингі өткізілді.
Семинар-тренинг инспекция басшысының м.а. Ж.Н.Амантурлыевтың "сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын-алу" жолында қызмет ету керектігімен басталып, 2018 жылдың 05 қазандағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жолдауы" бойынша бас маман Г.Мүдебаева баяндама оқыды.
Одан әрі, Инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Ш.Шандыбаев "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" баяндамасын, Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы А.Орынбасарова "Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!" тақырыбында эссе оқыды.
Қызметкерлерге "Мен сыйлық алмаймын!"- атты бейнеролигі көрсетілді. Семинар-тренингті жүргізуші бас маман А.Тлеумбетова жас инспекторлар арасында күнделікті қызмет бабында кездесетін, сыбайлас жемқорлық туындайтын жағдайдағы ситуациялық көріністерді орындап беруді тапсырды. Осы көрініске қатысушы жас инспекторлар заңды және жеке тұлғаларға сертификат алу-беру, рәсімдеу процедуралары туралы көріністерді көрсетті. Жас инспекторларға сұрақтар таратылып пікір-сайыс өткізілді. Семинар-тренинг соңында инспекция басшысының м.а.Ж.Н.Амантурлыев әрдайым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында аянбай қызмет етіп, баяндамашыларға жиналысқа қатысушыларға ризашылық сезімін жеткізді.
https://mang-tik.kz/kz/2019-09-26-10-02-48/87-sybajlas-zhem-orly-a-zhol-zho#sigFreeId97dbba121f