2019 жылдың 12-сәуір күні ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық Инспекциясында "Жастар туралы, Сыбайлас жемқорлықпен күрес және болашақ" тақырыбында пікірталас өткізілді. Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ө.Ш.Шандыбаевтың қазіргі таңдағы қоғамдағы белең алып отырған мәселе "Сыбайлас жемқорлықты" болғызбау, жастардың оған деген көзқарасы жөнінде пікірталасты бастап кетті. Инспекцияда қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер өз ойларын ортаға салды. Өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі жетекші мамандар Р.К.Сулейменов және Ш.Б.Бекниязов өз пікірлерін ортаға салып, бүгінгі заманғы жастардың арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуы Жастардың өзіне - өздері сенбеушілігі, құқықтық санасы мен білімінің төмен болуын айтты.
Created: 27 Қыркүйек 2019
82