Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-R-4 |
95209 |
128834 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 16/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7292) 60-54-60, электрондық мекен-жайлары: koshievaThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы – бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Өсімдіктер карантині жөніндегі шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және оған бақылау жасау. Әкелінетін, шығарылатын карантинге жатқызылған өнімдерге, көліктерге, жолаушылардың жүктері мен қол жүктеріндегі өсімдіктерге үнемі карантиндік тексеру жүргізу, карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар беру. Бақылаушы функциялары:
ауданда (калада) өсімдіктер карантині саласындағы жүргізілетін шараларға және карантиндік жәй-күйіне бақылау жасау;
өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімге залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау;
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың карантиндік Ережелерді орындауына бақылау жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім – білім (биология). Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, жеміс-көкөніс шаруашылығы). Жаратылыстану ғылымдары (экология, биология, химия).
Орта білімнен кейінгі білім – ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (агрономия, өсімдік шаруашылығы).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (конкурсқа қатысу үшін қызметтік тізім нысаны жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуінетестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған кейін келесі күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан 16/1 ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың тұпнұсқасын немесе көшірмелелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртібі:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені бос емлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
Мекен жайы және байланыс телефоны
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
_____________________________________________ |
|
|
||||
_____________________________________________ |
|
|||||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
1. |
Туған күні және жері/ |
|||||
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|||||
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|||||
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|||||
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|||||
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|||||
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|||||
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|||||
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
|||||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||||
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|||||
қабылданған/ |
босатылған/ |
|||||
_____________________ |
_______________ |
|||||