Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
C-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында, немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;
9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
C-R-1 |
142460 |
192366 |
С-О-5 |
108305 |
146177 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 16/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7292) 60-50-41, 60-54-60, электрондық мекен-жайлары: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
- Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С-R-1 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Аумақтық инспекция жұмысына бекітілген Ереже бойынша өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині жұмыстарына басшылық жасау.
Бақылаушы функциялары:
өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамалардың орындалуын қадағалау.
Үйлестіруші функциялары: атқарушы, өкілетті, басқа да мемлекеттік органдар алдында аумақтық инспекциясы мекемесінің мүддесін білдіреді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушы тәртіпті сақтағандығына жалпы бақылауды ұйымдастырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды; Инспекцияның мүдделерін сотта және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық құралдармен заңнамада белгіленген тәртіппен қорғау.
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім (биология). Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, жеміс-көкөніс шаруашылығы). Жаратылыстану ғылымдары (экология, биология, химия). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Құқық (құқықтану). Ветеринария.
- Қарақия аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С-R-1 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Аумақтық инспекция жұмысына бекітілген Ереже бойынша өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині жұмыстарына басшылық жасау.
Бақылаушы функциялары:
өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамалардың орындалуын қадағалау.
Үйлестіруші функциялары: атқарушы, өкілетті, басқа да мемлекеттік органдар алдында аумақтық инспекциясы мекемесінің мүддесін білдіреді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушы тәртіпті сақтағандығына жалпы бақылауды ұйымдастырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды; Инспекцияның мүдделерін сотта және басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық құралдармен заңнамада белгіленген тәртіппен қорғау.
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, топырақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология, өсімдіктерді қорғау және карантин, жеміс-көкөніс шаруашылығы). Жаратылыстану ғылымдары (экология, биология, химия). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Құқық (құқықтану).
- 3. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман – өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, уақытша 01.01.2021ж. дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасумен, сатумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың, карантиндік шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу, бақылау зерттеу жүргізу, шетелден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді өңдейтін, сататын шаруашылық субъектілеріне бақылауды жүзеге асыру.
Өсімдіктер карантині бойынша шаралардың орындалуы туралы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңдылықтарды бұзған лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зинкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, жеміс-көкөніс шаруашылығы). Жаратылыстану ғылымдары: (экология, биология, химия).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған кейін келесі күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
Мекен жайы: ___________________________________________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: _____________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
_____________________________________________ |
|
|
||||
_____________________________________________ |
|
|||||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||||
1. |
Туған күні және жері/ |
|||||
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
|||||
3 |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы/ Семейное положение, наличие детей |
|
||||
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ |
|||||
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|||||
6. |
Шетел тілдерін білуі/ |
|||||
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|||||
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|||||
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|||||
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
|||||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||||
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
|||||
қабылданған/ |
босатылған/ |
|||||
_____________________ |
_______________ |
|||||